МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
Жалпы балаларға тәрбие беруде мектептің рөлі күшті. Соның ішінде мектеп ұстаздарының алатын орны ерекше. Бұл орайда мемлекет мұғалімдердің алаңсыз балалардың білімі мен тәрбиесіне көңіл бөлуге бар жағдайды жасап отыр. Оқытушыларға қамқорлық әрқашан жалғасын таба береді. Ол туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтып өтті. Мәселен былтырғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында Мемлекет басшысы былай деді: «Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды. Дегенмен, бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер жасау қажет. Педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредитациялаудың жаңа стандарты қабылданады. Сондай-ақ, ұстаздардың құзырет аясы айқындалады».
Сонымен бірге бүгінгі қоғамда жастардың темекіні былай қойғанда есірткіге әуестеніп жатқаны жанға батады. Сондықтан мемлекет қазір бұл қылмыспен күресті күшейткен. Әсіресе жастарды есірткіге жолатпау үшін әртүрлі профилактикалық, түсіндірме жұмыстары мектеп, медицина ұйымдары, жергілікті полиция департаменті тараптарынан болсын атқарылып жатыр. Шымкент жастары көп қала. Республикада мектеп оқушылары саны жөнінен де алдыңғы орындардың қатарында тұр. Сол себепті мегаполисте жастарды есірткінің қаупінен сақтау күн тәртібінде тұрған нөмірі бірінші мәселе екені сөзсіз. Жалпы адамның санасын улайтын психотропты заттардың қоғамға қатер тудыра бастағанын Президент біліп отыр. Сол үшін өзінің Жолдауында осы өзекті мәселені де қозғап өтті.
«... Синтетикалық есірткіні өндіруге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуге тиіс. Сондықтан, Нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресудің кешенді жоспарын әзірлеу қажет» деді Мемлекет басшысы.
Сондықтан бүгінгі таңда мегаполисте жастар тәрбиесіне барынша көңіл бөлінген. Соның ішінде оқушыларды спортқа баулу мақсатында «Жастар лигасы» қолға алынды. Былтыр жеңімпаз командаға автобус сыйға берілді. Биыл да қомақты жүлде күтіп тұр.