МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
Республика күні қарсаңында Шымкентте ашылған «Бірлік алаңы» 4 бағытта жұмыс жүргізіп, этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдардың қызметін ақпараттық тұрғыда қамтамасыз етуде. Ел бірлігін бекемдеуге бағытталған халықтық жобаларды талқылап, ассамблеяның «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасын ілгерілетуге этнос өкілдерін жұмылдыруда.
Сонымен қатар, кеңсе жұмысының негізгі бір бағыты – мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыру, қазақ тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде ілгерілету. Бұл бағытта да көптеген жобалар қолға алынып, «Мың жүйрік», «Ұлт үні», «Тілтаным», «Мың бала», «Мен қазақша сөйлеймін» және т.б мәдени-ағартушылық жобалар жүзеге асырылды.
«Бірлік алаңында» этносаясат саласында еңбек ететін мамандардың білім-білігін арттыруға назар аударылып, елдегі саяси реформалар мен мемлекеттік саясаттың бағыттары туралы лекторий мен оқыту семинарын өткізу жоспарда бар.
Мегаполисте азаматтық бірегейлік пен жалпыұлттық бірлікті күшейту жолында жыл сайын қаншама іс-шара өтіп тұрады. Мәселен «Қазақтану» бағытында қолға алынған мазмұнды іс-шаралар этнос өкілдерін қазақ халқының маңайына топтастырған, мәдениетіміз бен тілімізді дәріптейтін игі бастамаға саналады. Осынау жобаның шеңберінде талай баланың бағын ашқан «Мың жүйрік» онлайн байқауы ұймдастырылды. Осы конкурс арқылы балалар мемлекеттік тілі мен тарихын терең меңгергенін және сүйетінін паш етті. Ал «Ұлт үні» байқауында шығармашыл этнос жастары халқымыздың төл мәдениеті мен ұлттық өнері насихаттауға жол салды. Иә осылайша шымкенттік жас таланттар өздерінің өнерлерімен ішкі бірлікті нығайтуға сүбелі үлес қосып-ақ келеді.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында ассамблеяның үш басымдығының бірі ретінде құқық қорғау қызметін күшейту, этномедиацияны дамыту және оны кеңінен қолданысқа енгізуді жүктеген болатын. Сондықтан қоғамда өзара сенімді нығайту маңызды шарт болып табылады. Осы арқылы диалог мәдениеті қалыптасып, құқық қорғау қызметін жанданады. Аталған бастаманы жүзеге асыру мақсатында бүгінде тиісті органдармен жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде, этносаралық шиеленістер мен қақтығыстардың алдын-алу бағытында профилактикалық іс-шаралар атқарылып отырады.