Уақыт машинасы жасалса, не істейсіз?

Oinet.kz 19-06-2019 2450

артыңа.jpg

«Адам істеуге қажеттінің бәрін істей алады, алайда қажеттілігінің бәрін өтей алмайды» деген екен неміс философы Артур Шопенгауер. Біз адамзат баласы жалпы қоғамдық пікір бойынша, бірінші әрекет етеміз, содан соң ғана ойланамыз. «Жеті рет өлшеп бір рет кесетін» елдің ұрпағы ретінде кесіп барып өлшейтініміз-өкінішті. Алайда, уайым түбі тұңғиық батасың да кетесің,-деп істің ақырын болжағанымызбен, Тәуекел түбі-желқайық , өтесің де кетесің, деп іс алдындағы ойды тұйылтатынымыз-қоғамдық ойды  сұйылтады. 

Егер де, уақыт машинасы жасалса, не істер едіңіз? Иә, шүбәсіз сіз өткен шақта жіберген қателігіңізді реттеп жүрсіз. Болашаққа барып, мақсатыңызға жеткен-жетпегеніңізді бақылағыңыз келмейді. Себебі сіз бүгініңізге түсірген кешенің көлеңкесін ғана ойлайсыз. Солай ма? Анти дәуірден қалған шешендік сөз бар «Адам бір батқан теңізіне екінші рет батпайды» деген. Яғни, кез-келген саналы тұлға бір рет жіберген қатесін екінші рет қайталамайды. Мысалы иммунитет туа пайда болған және жүре пайда болған деп екіге бөлінеді ғой. Оны денсаулықтан бұрын ойдың саулығымен байланыстырып көрейік. Бала кезден қамқорларымыз айтатын «Әйтпе, бүйтпе» деген тиымдар іс әрекетіміздегі қателіктерді болдырмайтын «туа пайда болған имунитет» . Біз жіберген қателіктерімізден алған өмір сабақтары-жүре пайда болған иммунитет. Ой кеселдерін жұқтырмау-әр адамның өз білігінде. Себебі, ол сан жерде айтылып, талданған. Байқағанымыздай көптердің қолында оқылмаған. «Өмір мектебі» бірінші үйретіп, содан соң ғана бағалайтынын ой көкжиегіне мықтап орналастырайық.  Мұсылман философиясының өкілі Әбу Жүсіп әл Киндидің «Шектен тыс күмандану» тұжырымын ескере кетсек. Шындықтың бәрі шын емес. Себебі әр адамның өз шындығы болуы керек. Қоғамдық ойдың барлығын дұрыс деп тұжырымдасақ, экологиялық апаттар болмауы керек еді. Себебі сыртқы орта-біздің тіршілік қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін мекен. Гептиль жұтып, генетикалық синдромдарға түрлі антибиотик іздеген қоғам-сізсіз. Яғни қате жіберіп, оны түзеуге тырысқан сәттегі сіз. Кез-келген емхананың сыртынан оқитын қанатты сөз осы кезде ойға оралады «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген. 

Шегіне Артур Шопенгауерше шер тарқатсақ, « Өмірдің тым қысқа екенін түсіну үшін, өмірдің ұзақ жолын жүру керек».Бірінші-көру керек, түсіну содан кейінгі сатыда жүретін процесс. Одан прогрестің болу болмауы өзіңізге байланысты. Бастысы керіге кеткен жағдаяттар орын алмауы керек.

артыңа бұрылма.jpg

Суретте Маколей Калкиннің бала кезі мен наша қолданғаннан кейінгі бейнесі көрсетілген.

Сіз өткеніңіз арқылы келешегіңізге энергия тасымалдайсыз. Әр адамнан қоғамға энергия бөлінеді. Мысалы, ұйқысыраудың салдарынан туындайтын «есінеу». Оның «жұқпалы» екендігін осыған дейін көбіңіз білмеген де шығарсыз.ал, дана халқымыз адамға қарап есінемеу керек екендігін осы жайт арқылы ескере кетсе керек. Кино не театр актерларының ойнайтын рөлі өміріне тікелей әсер ететіндігін білесіз бе? Яғни сомдаған рөлінен бөлінген энергия бойына сіңгендігінен осындай жайттар орын алады. Жаңа жылдық киноөнімдерінің көшбасын тізгіндейтін «Үйде жалғыз» фильмінің актеры Маколей Калкин естеріңізде болар? Ал оның кейінгі өмірі жұмбақ па? Ал жібін тарқатайық, балалық әумесер ойдың жетегіндегі бұзақы баланың ең үлкен құрбаны-өз өмірі, яғни наша мен марихуананың тажалы. Нақтылау үшін қарапайым фактілерді негізге алып иектесек.  Мысалы сіздің басыңыздан «баянсыз махаббат хикаясы» өтті делік. Сіздің ғұмырсыз махаббатыңыз қайғылы ән тыңдауға жеткізеді. Ал ол сіздің күн бойғы көңіл-күйіңізге негатив сыйлайтын деталь. Маңыңыздағы адамдар сізді жұбатып әлек. Мойындаңызшы, ортаңыздағы эмоция шкаласы сіз арқылы нөлге түсті, немесе, минус әлдеқандай цифрлар.  Ой-жұқпалы болмыс.Ол кез-келген болмысқа шаптала береді. Күліңіз және әр сәтіңізде теріс энергия тудырмаңыз. Күлгенде сіздің қан тамырларыңызға өте пайдалы. Себебі сізде адреналин гормоны бөлінді, сіздің күлкіңізден зарядталған қанша езу күлкімен жиырылды. 

Анти дәуір философы Пифогор «Ешқашан артыңа қарама !» деген екен. Неліктен? Сіздің артыңызда тек көлеңкеңіз ғана бар. Алдыңызда –болашақ( жарқын не бұлыңғыр деп бағамдау сіздің еншіңізде» 

Қазақтың нар ақыны Сәкен Сейфулин ешқашан артына олақ бұрылмапты. Тек кеудесімен бұрылған екен. Мойнына әжім түсірмеу мақсатындағы ақындық кербездік жетегіндегі тектілік қой.  Сіз өткеніңізге үңіліңіз. Тек жақсылықтарды ойлап қана әрине. Ал артық ой мойныңызға қатпар салмақ түгіл, ойыңызға жүк түсіреді!

P.S. Етістікте үш шақ бар: өткен шақ, осы шақ, келер шақ. Адамның өмірінде қазірін ғана «мен» деп қарастырады. Ал өткен шақтағы өз болмысы  « ол» деп қаралатын тұлға.  «Оның» өмірінде неңіз бар, «меніңізбен» өмір сүріңіз. Себебі, екі ескекті қатар ұстағанның салы суға кетері нақты. «Салыңыз суға кетіп» құдайдың басқа салғанына көне бермей, ескектен айрылмаудың есебін табыңыз! Өз сұлбаңыз айнада ғана нақты көрсетіледі, кері бұрылғандағы көлеңкеңізден емес. Өзгені емес, «ӨЗІҢІЗДІ» ойлаңыз!

Ресейде Google-ді қолдануға тыйым салынады
Ерлан Бектібаев: «Өмірден түңілдім, өмір сүргім келмейді...»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу