Айсұлтанның өлімінде күмәнді нәрсе көп (жазба)

Oinet.kz 17-08-2020 1962

Әлі тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамайдың ойынша Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан Назарбаевтың өлімінде күмәнді жайттар бар. 

image.png

- Соңғы бір жылдың ішінде Айсұлтанға қатысты дау-дамай толастаған емес. Әртүрлі мәселелер көтерілді, көптеген шындықтың бетін ашты. Өзінің отбасының ішіндегі, жалпы елдегі мәселелерге, олигархқа байланысты шындықтың бетін ашты.

Енді менің өз басым 30-ға әлі келмеген, орда бұзатын, тепсе темір үзетін жігіттің аяқ астынан осылай кетіп қалғанына күмәнданамын. Өзі кетіп қалғанына! Енді әртүрлі жағдайда айтуға болады, бұл жерде болжам жасау өте қиын. Өйткені ол Қазақстанда емес Лондонда қайтыс болған. Бірақ өз басым күмәнді нәрселер көп деп санаймын, - деді қоғам белсендісі әлеуметтік желідегі видеоүндеуінде.

Ресми мәлімет бойынша Айсұлтан Назарбаев 16 тамызда Лондонда жүрек дертінен қайтыс болған.

Дариға Назарбаева ұлының өлімі туралы айтты
Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы өсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу