Ресейде Google-ді қолдануға тыйым салынады
Жақын күндері Ресейдің Мемлекеттік Думасының қарауына жаңа заң жобасы беріледі. Бұл заң жобасы бойынша мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс барысында Google, Yahoo және WhatsApp сияқты интернет-сервистерін қолдануға тыйым салынады.
«Известия» басылымның жазуынша, мұндай бастаманы «Ресейді қорғаймыз» деп аталатын қоғамдық ұйым мен Дума депутаттары көтеріпті.
Бастамашылардың айтуынша, жуырда Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николая Патрушев шенеуніктерді шетелдік интернет-сервистерді қолдануға тыйым салуға шақырыпты. Себебі мұндай танымал сервистерді шетелдің барлау органдары бақылап отыратын көрінеді. Бұл жай ғана күдік емес, аталған жүйелерден шетелдік барлау мекемелерінің бағдарламалары табылған.
Бастамашы топ мүшелерінің айтуынша, аталған жүйелер арқылы берілген кез-келген ақпаратқа шетелдің барлаушылардың қызығушылық танытатыны анықталған. Кейбір жоғары лауазымды шенеуніктер сақтық үшін тіпті ұялы байланыс телефонын қолданудан да бас тартып отырғанға ұқсайды. Алайда мұны барлық шенеунік құнт көре бермейді. Өйткені Н.Патрушевтің мәлімдемесінен кейін шенеуніктер арасында ешқандай реакция болмаған көрінеді. Яғни, енді мемлекеттің қауіпсіздігі үшін шенеуніктерге шетелдік интернет-сервистерді жұмыс бабы барысында қолдануға тыйым салатын арнайы бап енгізілмек. Заңда «мемлекеттік қызметке кірген азамат жұмыс бабымен Google, Yahoo және WhatsApp жүйелерін қолдануға тыйым салынады» деп нақты жазылатын болады. Депутаттар сонымен бірге бұл талапты орындамағандарды айыпұл салудан, қызметінен босатуға дейін жазалау үшін Әкімшілік кодеске өзгеріс енгізбек. Дума депутаттарының бұл бастамасын Федерация Кеңесіндегі сенаторлар да мақұлдап отыр.
Мұрағаттан, 2015 ж