Терроризм – ХХІ ғасырлық ғаламдық проблема

Oinet.kz 12-06-2019 7542

image.png

Терроризм – ғаламдық проблема...

ХХІ ғасырдың әлем тарихында адам баласы үшін ең басты проблемалардың бірі – терроризм. Терроризм-қазіргі кезде тек құқықтық тұрғыдан ғана өзекті қылмыстардың бірі болып саналмай, сонымен қатар әлеуметтік, идеалогиялық та проблема болып көрініп отыр. Себебі террористер экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді, діни фанатизмді, сепаратистік пиғылдарды табысты қолдана білуде. Қазіргі терроризм халықаралық сипат алып, жекелеген мемлекеттер үшін де немесе белілі бір аумақтар бойынша қарқын алып, жазықсыз адамдардың өміріне қауіп келтіру арқылы елдің саяси және әлеуметтік тұрақытылығына қауіп төндіріп отыр. «Террор» деген сөздің өзі –  қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді. «Террористтер – бұлар кімдер? Не үшін оларды «террористер» деп атайды? Не себептен олар террорлық әрекеттер жасайды? Олардың мақсаты неде? Тарихтағы бізге белгілі радикалды террористтік актілер, және ондай әрекеттерден сақтану, мүше болмау жолдары».  Осындай сұрақтарға мен ғылыми-зерттеу жүргіздім.

Ешкім де анасынан террорист я лаңкест болып тумайды. Адам қарап жүріп террорист немесе қанқұмар содырға айналмайды. «Бірақ, қалай террористке айналады?» деген сұрақ пайда болады. Оларды адастыратын, адасқандарды өздерінің зұлым мақсаттары жолында пайдаланатын күштер бар. Мәселеге осы тұрғыдан қарағанда, террористік әрекетті тікелей іске асырушылар қоғамның әлеуметтік деңгейі төмен, рухаи-интеллектуалдық қуаты әлсіз топтарынан шыққан адамдар. Олар да біз сияқты адамдар, бірақ өз жолынан тайған адамдар. Паналықты ақиқаттан адастыратын адамнан іздеп тапқан. Нағыз террорист жалғыз бір тұлға, яғни ол адамдарды адастырып, оларға тапсырып беріп отырған адам.

Мамандардың айтыуынша, лаңкестік ұйымдардың террорлық актілерді ұйымдастырудағы түпкі мақсаты – қарапайым халықты қырып-жою емес, халықтың арасында үрей тудырып, жұртты үнемі қоқыныштың құрсауында ұстау. Олар осы әрекеттері арқылы өздеріне қарсы топтарға, ұйымдар мен күштерге сес көрсетуді мақсат етеді. Басқаша айтқанда, террористік ұйымдар үшін жарылыстарда қырылып жатқан адамдар, бар болғаны, тиісті нысанға жетуі тиіс ақпараттың дәнекерлері ғана. 

image.png


Ислам және жиһад

Қазіргі террорист әлемді билегісі келетін белгілі бір саяси топтардың ұзақ мерзімге құрылған стратегиясы. Олар «дін үстемдігін орнату», «әділетті қоғам құру», «Алланың разылығына бөлену», «жұмақтық болу» деген секілді сөзбен сомдалған қиялдар мен асқақ армандар жетегінде алданышты жүріп бір күні қалай қолына қару алғанын білмей қалады. Қарапайым адам болсын, бай-дәулетті адам болсын, қыз бала болсын бір топ жетекшінің зиян пиғылының қолында қалай құл болып адасқанын түсінбей кетеді. Оның санасы толығымен бұзылып, ішкі жан дүниесіне санасына құйылған теріс ақпарат қонады.  

Ол процесс қалай жүреді? Мұсылман қауым үшін қасиетті Құран мен Пайғамбар хадисінен құнды еш нәрсе жоқ. Соны жақсы білетін «арбаушылар» қармақтың ілмегіне аят пен хадисті құрал ретінде пайдаланады. Алайда, ешбір аят пен хадис адам баласын қылмыс пен күнәға, адамды қойдай қыруға шақырмайтынын бәріміз білеміз. Сондықтан олар аяттар мен хадистерді саяси лайықты «монтаждап» түсіндіреді. Мысалы, «Алла жолында лайықты түрде жиһад жасаңдар!» деген аят бар. Алайда, «жиһад» ұғымын бұрмалап, теріс пиғылда түсіндіріледі. 

Рас, «жиһадтың» - Алла жолында күресу деген мағынасы бар. Көптеген тілдерге осылай аударылып, сіңіп кеткені де шындық. Бірақ, жиһадтың толық мағынасы бұл ғана емес. «Дін жолында күресу» жиһад ұғымының кішкентай бір тармағы ғана. Бұл сөздің астарына терекірек үңілсек, жиһад – бір істі толық жүзеге асыруға күш-қайрат жұмсау, ұмытылу, талпыну, ол үшін бүкіл мүмкіндіктерді, күш-қуатты сарп ету, қал-қадерінше әрекет ету, қиыншылықтарға мойымай, қарсы тұру, бір істі жасап жүріп шаршау, машақат тарту деген көптеген мәндердің жиынтығы екенін байқаймыз. Семантика ілімін терең игергендер бұл тізімді одан әрі ұзартып, бұдан да тереңдетуі мүмкін. Ал, діни терминология бойынша жиһад  - ислами бұйрықтарды дұрыс ұғынып, соған қарай өмір сүру, өзге адамдарды да жақсылық пен ізгілікке, тазалыққа үндеп, жамандықтан, азғындықтан, күә мен қылмыстан тыюға талпыну, ішкі нәпсі мен сыртқы дұшпадарға қарсы күрес, Ислам өркениетінің көркейіп, гүлденуіне үлес қосу, қысқаша айтқанда, жақсылықтың жайылуы үшін аянбай еңбек ету деген мағыналарды береді. Бұл тұрғыдан алғанда, жиһад ұғымы халықты бейбіт күнде қолына қару алып, қан төгуге, біреулердің басын кесуге, оны  видеоға түсіріп халыққа таратуға, қорлап жүруге шақыру деген сөз емес. Бірақ өкінішке қарай, дәл осындай істер бүгінде жиһад деген қасиетті ұғымының көлеңкесінде істеліп жатыр. Біреудің басын кескеніне «Аллаһу акбар!» деп мәз болып, қуанып жүргендерді де интернеттен жиі кездестіреміз. Мұның бәрі әрине, адасқан, теріс түсініктер.

Осындай «арбалаушы» түсініктермен мысал ретінде, әлемдегі нормер 1-ші террорист туралы және террористтік радикалды топ туралы айтқым келіп жатыр. «Аль-Каида» әлем тарихында ең 1-ші орында тұрған террористік халықаралық саяси-діни ұйым. «Аль-Қаида» исламның ваххаби үрдісінің ең ірі ультрарадикалды халықаралық террорлық ұйымы. 1988 жылы мұсылман елдерінде зайырлы режимдерді құлатып, «Ұлы ислам халифатын» құруға негізделген. Осы топтың есебінде 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған АҚШ-тағы егіз мұнаралардың шабуылы және бүкіл әлемді таң қалдыратын ең ірі қайғылы шабуылдардың бірі болды. Осы сұмдық оқиға нәтижесінде 2606 адам қаза тауып, 24 адам әлі күнге дейін жоғалып кетті. Ол группировканың көшбасшысы әрі лидері – Усама бен Ладен. Өзін Ислам үшін күресші деп атағанмен, нағыз мақсаты – Американың билігін жою болды. Мультимиллионер бен Ладен «Аль-Каида»-ға демеушілік жасап, барлық қаржы мәселелерін шешіп отырды. Ол сондай-ақ, өз ақшаларын халықтың ең мұқтаж қабаттарына көмек көрсетуге жұмсады. Ол ұңғыларды қазып алып, жараланған және өлтірілген моджахедтердің балаларына және отбасыларына медициналық көмек көрсетті. Таңқаларлық емес, көптеген афгандық босқындар оны «барлық қасиеттілерден жоғары» деп санаған. 10 жыл бойы Джордж Буш 1-ші лаңкестерді жоюға уәде берді, 25-ке басын ұсынды, ал содан кейін 50 миллион долларға дейін. Арнайы операция 2 мамыр нәтижесінде, Барак Обаманың бұйрығына сәйкес 2011 АҚШ арнайы күштері, Абботтабад қаласында өз үйінде бин Ладен өлтірілді.

image.png

Терроризм – ұлттың дерті

Өздерін Ислам халфатының солдаттарымыз деп радикалды топтардың артынан лаңкесті әрекеттер жасап жүрген азаматтар біздің елімізге де келіп жетті. Қанша бейбіт азаматтар олардың қолдарыан қаза тапты. Тіпті өздерін қорықпай елге жария етіп, тікелей эфирдің бірінде, 2011 жылдың 9 қарашасында Равиль Кусаинов атты тұлға, оның позициясы - қазіргі террористік «Джуд аль-Халифат» топтың жетекшісі, Қазаақстан оның басты мақсаты деп айтып кеткен. Осындай жағдайлардан сақтану үшін ең алдымен, өзіміздің әрекеттерімізден білу керекпіз. Шын жиһад бұл өмірдегі қарапайым жақсы ниетпен, шын жүрекпен, елге және халқына қызмет ретінде жасалатын әрекеттер. Демек әркім өз елінде жиһад жасауы тиіс. Мысалы, Елбасымыз ұсынған 100 нақты қадам стратегиясында адамдарды алға дамытатын іс-әрекеттер жайлы айтылған. Соның ішінде біздің елде араққа салынып немесе есірткіге отырып, өзін-өзі тірідей өлтіріп жүрген жастар қаншама жастар бар. Солардың көзін ашып, тура жолға қайтару оңай емес. Осы қиын істе жиһад жасалуы керек. СПИД секілді жаһанды жалмап бара жатқан дерттің емін табу, ол қолыңнан келмесе жастарды осы азғындыққа жібермелеулің жолдарын ойлап табу – жиһад. Елімізде қаншама шаңырақтар шайқалып, отбасылар ойран болып жатыр. Мұның алдын алу, себептерін жою оңай емес. Бірақ, отбасылардың береке-бірлігін сақтап қалу үшін әрқайсысымыз қажыр-қайрат жұмсауымыз керек. Ата-анаңның алғысын алып, ризашылығына бөлену жолында жан аямай еңбек ету – жиһад.  Адам бойында адамгершілік қасиеттерді, ұлттық құндылықтарды сіңіріп, ата-баба дәстүрі мен дәстүрлі дінді өзіңіз үйрену керексіз және болашақ ұрпаққа жеткізіп үйрету керексіз. Сонда ғана біздің елімізге «терроризм» дерті ешқашан келмейді.

«ПетроҚазақстан» – қамқорың болсын!
Ресейде Google-ді қолдануға тыйым салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу