Қаңтар оқиғасына тәжік азаматтары қатысқан жоқ - Тәжікстанның бас прокуратурасы

Oinet.kz 08-01-2023 670

image.png

Тәжікстан Республикасының бас прокуратурасы Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктерге тәжік азаматтарының қатысқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Ховар» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қылмыстық-процессуалдық заңнамаға сәйкес, алдын ала тергеу процесінде айғақтар жиналады, оған күдіктінің жеке басын, денсаулығы (наркологиялық немесе психо-неврологиялық диспансерде тіркеуде болуы), тұрмыстық жағдайы, тұрғылық мекенжайы, сипаттамалық мағлұматтарын және т.б. анықтау кіреді.

2023 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша Тәжікстан Республикасының бас прокуратурасына Қазақстан Республикасының бас прокуратурасынан қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету немесе осы сипаттағы кез келген ақпарат сұратылмады.

Осы орайда, Тәжікстан Республикасының бас прокуратурасы Тәжікстан Республикасы азаматтарының Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны туралы ақпаратты үзілді-кесілді жоққа шығарады», - делінген ТР бас прокуратурасының баспасөз релизінде.

Айта кетсек, 5 қаңтар күні Мәжіліс отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Қаңтар оқиғасы кезінде шетелдік азаматтар жаппай тәртіпсіздікке қатысу және басқа қылмыстар бойынша күдікті болып танылғанын айтқан еді. «Оның ішінде Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары бар», - деді ол.

Бұған дейін Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Берік Асыловтың мәлімдемесіне жауап берді.

«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
Шымкентте неке сарайы бұзылып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу