«Мұндай үкімге келіспеймін»: Жанболат Мамай
03-03-2023
"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды", - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Бұған дейін Бас прокурор Арман Жұмагелдиев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ҰҚК кураторының жетекшілігімен әрекет еткен деген болатын.
Еске салсақ, арнайы операция барысында ұсталған Арман Жұмагелдиев сот шешімімен 2 айға қамауға алынған болатын. Содан бері қамау мерзімі ұзартылуда.
6 қазанда Бас прокуратура Дикий Арман деген атпен танымал қылмыс жетекшісі Арман Жұмагелдиевке жаңа айыптардың тағылғанын мәлімдеген.