Түркістанға туристер өнермен емдеу (арт-терапия) үшін де келеді

Oinet.kz 16-11-2022 335

Screenshot_5.jpg

Түркістанға табан тіреген туристердің терракот (күйдірілген балшық) күйінде сақталған кәдесыйлар жасайтын Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі, «Шебер 2018» байқауының «Ұлттық кәдесый» номинациясының жеңімпазы Абайхан Рысбаев өз тәжірибесімен бөлісті.

"Алматыда көркем сурет училищесінің керамика факультетін бітірдім. Оқу бітіргеннен соң Қайта жаңғырту шеберханасында, яғни реставрация саласында жұмыс істеймін. Қалпына келтіру - ескірген, тозған, бастапқы сынын жоғалтқан архитектуралық ескерткіштерді жөндеумен айналысамыз.  Ғимараттардың ою-өрнегін қалпына келтіремін. Маған табиғаты мамыражай жерлер жайлылық сыйламайды. «Ер-туған жеріне, ит-тойған жеріне» деген тәмсіл маған жақын. Сондықтан да туған өлкемдегі бабалар аманатын, ұрпаққа мирас етіп қалдыруды мақсат еттім.

Шеберлер орталығына шетелдіктер жиі келеді. Оларға қолөнершінің мінсіз жасаған өнімінен, айқыш-ұйқыш болса да өзі жасаған бұйым таңсық. Құмыра жасайтын ұршыққа отырып, кесе жасайтын мөлшердегі саздан бұйым шығарғысы келеді. Басым бөлігі кесенің пішімін шығаруға тырысады. Көптеген мемлекеттерде арт-терапия кең тараған. Яғни, адамның психикасындағы күйзелісті өнер салалары арқылы жеңуге тырысады. Глинотерапия шетелдіктерді ерекше қызықтырады. Саз-топырақпен физиологиялық емделу де пайдалы. Бірақ, құмыра жасау арқылы жүйкені тыныштандырудың ләззаты бөлек. Франция, Таиланд секілді туризмі кең тынысты елдерден көрмелерге шақырту алдым. Архитектуралық ескерткіштен тыс адамдарды қолөнер бұйымдары қатты қызықтыратынын ұқтым. Құмыра жасайтын ұршығымды өз дүңгіршегіме қоямын да, қонақтардың көзінше ыдыс жасаймын. Шетелдіктер ерекше ықыласы ауып, қызығушылық танытады. Тіпті сол көрмеден соң бірен-сараны Түркістанға іздеп келді. «Кәдесый былай болуы керек» деп кесіп айта алмаймын. Талғамға талас жоқ. Нарық бағамы туристерге әсер етпейді. Көне шаһарға табиғилықты сүйетін қонақтар құштарлық танытады. Түркістанға туристер өнермен емдеу (арт-терапия) үшін де келеді", - дейді қолөнерші.

Жазба ескерткіштер музей сөрелеріне табылатын болды
Туристерге ұлттық аспаптар өте қызықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу