Туристерге ұлттық аспаптар өте қызықты

Oinet.kz 09-11-2022 289

Screenshot_6.jpg

Әлемдік сахналарда өнер көрсетіп жүрген таланттардың аспабы Түркістанда жасалады. Ұлттық аспаптармен қатар ағаштан жасаған туындылары шетелдік өнер мұражайында сақталатын түркістандық шебер Дәурен Миншарипов Түркістан қаласының туристік әлеуеті туралы айтты

"Бастапқыда О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде мүсінші мамандығын алдым. Оқуды аяқтаған соң 15 жылдан бері ағаш шебері ретінде еңбек етіп жүрмін. Шүкір, табысым жақсы. Бұл саладан тыс өзімді елестете алмаймын. Қызығы, мен туындыларымды дүкендерге, сауда орталықтарына қоймаймын. Адамдар өздері үйге іздеп келеді. Кей тұтынушылардың талғамының биіктігіне қарап таңданамын. Биік талғам бар жерде төмен нарық болмайды. Қолөнер - ақшаға айырбасталмайтын қазына. Туындыларымды тұтынушыға аманаттаймын. Себебі, әр компазиция - менің перзентім іспетті. Әрі эскиздерімді ешқашан жоғалтпаймын.

Музыкалық аспаптарды танытуда халықаралық сахналардың көмегі зор. Қобызды «ожау» деп ойлайтындардан «Тұран» секілді этно-фольлорлық топтардың әлемдік сахнаға шығуы азат етті. Экраннан қобыз аспабын көріп, үнін ұнатқан америкалық турист келді бір ай алдын. Қобыздың жасалу процессін жіті бақылап, біреуін сатып алды. Оның қызығушылығын көргенде, өз кәсібіме  деген махаббат беки түсті.

Тек Түркістан қаласы емес, Қазақстанның көптеген облыстарынан тапсырыс түседі. Тек әлеуметтік желі арқылы емес, арнайы сапарлап келіп тапсырыс береді. Сұраныстың болуын, іздеушілердің көптігін де еңбегіме берілген баға деп есептеймін.

Туризм дамуда, демек кәдесыйға сұраныс артады. Ұлтты шетелден тасымалданатын арзан заттар танытпайды. Ол тек кәдесый сатушысын байытады. Ұлтты құндылығын безеп көрсеткен бұйымдар, аспаптар, қолөнер туындылары танытады. Мен Түркістанға 2004 жылы көшіп келдім. Ол кезде қала әлі бүгінгідей өзгеріске ұшырамаған кезең болатын.  Сол кезде болашағымды жарқын деп елестете алатынмын. Сенімім ақталды.  Ал, қазіргі даму кезеңіне бет бұрған қалада бұдан әлдеқайда жақсы болашақты елестетемін. Алдағы уақытта шеберханамды үлкейтіп, шәкірт тәрбиелесем деп ниет етемін. Демек, Алла бұйыртса, 10 жылдан соң үлкен шеберханада шәкірт дайындайтын ұстаз боламын", - дейді қолөнерші.

Түркістанға туристер өнермен емдеу (арт-терапия) үшін де келеді
Құмыра жасау үшін шетелден келетін туристер қатары аз емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу