Туристердің сүйікті мекеніне айналған Күлтөбе

Oinet.kz 09-11-2022 252

Screenshot_7.jpg

Күлтөбе бүгінде туризмнің орталығына айналып отырған Түркістан қаласының ежелгі орталығы. Күлтөбе алдағы уақытта қасиетті қаладағы туристер тамашалайтын басты нысандардың біріне айналды. Ол үшін бірқатар жобалар қолға алынып жатыр. 

- Әзірет Сұлтан кесенесіне жақын жердегі  Күлтөбеде қазба жұмыстары сексенінші жылдары жүргізілген. Нәтижесінде қаланың ең төменгі мәдени қабатының бесінші, алтыншы ғасырларға жататыны анықталды. Осыған сүйене отырып ғалымдар қаланың жасы 1500 жыл деген қорытынды берді. 2000 жылдары Мадияр Елеуовтың жетекшілігімен Қазақ-түрік университетінің археологтары Күлтөбенің орталық бөлігіне стратиграфиялық шурф салды. Осының нәтижесі қала жасының 2 мың жыл екенін көрсетті. Бұл кезде Түркістанның 1500 жылдығына дайындық жүріп жатқан. Жоғарыдағылар «біз ЮНЕСКО-ға 1500 жыл деп беріп қойдық» деді.  Күлтөбедегі қазба жұмыстарын көп жылдар бойы белгілі археолог, марқұм Ерболат Смағұлов жүргізген. Ол бертінде қаланың табанында жатқан ең төменгі мәдени қабаттың осыдан 2200 жылға тән екендігін анықтады. Мұның бәрі де нақты айғақтық жәдігерлермен нақтыланған. Қаланың жасын одан әріге ұзартатындай мәдени қабат табылған жоқ. Мен бұған дейін Түркістанның ескі атауы Ясы екендігін, ал тарихтағы Шауғар қаласының орны қазіргі Қарашықта жатқанын  жазған болатынмын. Шетелдік ғалымдардың қатысуымен өткен жиында Б.Байтанаев та мұны атап өтіп, менің тұжырымымды қолдады. Тарихи деректерде Ясы 13 ғасырдан белгілі. Сол кезде армянның патшасы Гетумның жүрген жолы туралы жазылған кітаптарда Сауран мен Отырардың арасында «Асон» деген қаланың бары келтіріледі. Асон осы Ясы болуы керек. Мен мұның 2000 жылы қаланың мерейтойы кезінде шығарылған «Ясы-Түркістан тарихы» атты кітабымда келтірген едім.  Бірақ Ясы 12 ғасырда да болған және солай аталған. Мұны сол дәуірде өмір сүрген Ясауи бабамыздың аты-жөні дәлелдеп тұр емес пе?! - дейді белгілі археолог-ғалым Мұхтар Қожа.  

Ғалымның айтуынша, Күлтөбенің орталық бөлігін қазған кезде археолог Ерболат  Смағұлов көне түркі жазуы  бар қыш ыдыс тапқан. Ғалымдар бұл жазулардың 9 ғасырға жататынын айтып отыр. Бұған дейін Ескі Сауранның орнынан да осындай көне түркі жазуы бар зат шыққан. Яғни, 9 ғасырда арабтар жаулап, ислам діні таралды деген күннің өзінде Түркістанның төңірегінде халық түркі жазуын қолданған. Бұл Түркістанның бүкіл түркі мәдениетінің орталығы болғандығының бір ғана дәлелі.  

Күлтөбе - көне заман көзі
Туристер санын арттыру бағытында жан-жақты зерттеулер жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу