Дарбаза қақпасы - тарихи туризмнің бір бөлшегі
Көне заманнан сыр шертетін Түркістан қаласы тарихи туризмнің орталығына айналды. Түркістанда бір кездері уақыт тезіне шыдас бермей немесе түрлі жағдайлармен шөгіп, қираған тарихи нысандарды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Туристердің зор қызығушылығын тудырып отырған солардың бірқатарына тоқтала кетсек.
Дарбаза қақпасы. Дарбаза қалашық, қамал-қорғанның, үй-жайдың, мекеме ауласының, қораның, тағы басқа екі жаққа ашылатын үлкен қақпасы; кең, биік жарма есік. Оның екі жағында күзет тұратын биік мұнаралар немесе белгілі бір қашықтықта жай ғана жақтаулар орнатылуы мүмкін. Дарбазаға салтанатты сипат, көрік беру үшін оның маңдайшасы мен жақтаулары, қасбеті әр түрлі ою-әрнектермен безендіріліп, әшекейленеді. Ал ішкі жағында дарбазаны бекіту үшін көлденең сырық (бөрене) қойылады, әйтпесе арнаулы құлып ілгіш, кілт салынады.
Есімхан алаңына жақын орналасқан, алаңға ол кезде бақша өнімдерін сататын базар, керуен сарай жайғасқан болатын. «Дарбаза» атауы осы тұстан қалаға қарай Жіңішке каналынан тартылған үлкен арықтың атынан шыққан. 2009-2010 жылдары қайта қалпына келтірілді.
Дарбаза қақпасы жоғарыда айтқанымыздай, «Ясы» қонақ үйі мен жатақхана арасындағы асфальт жолдың астында қалғандықтан 1885 жылы «Живописная Россия» атты кітапта жарияланған литографиялық сурет негізінде қалпына келтірілді. Литографияның өзі фотосуреттен дәлме-дәл көшіріліп жасалғандықтан оның өлшемдерін табу қиындық туғызған жоқ. Алайда өзінің тарихи орнына (қонақ үймен жатақхана арасы) орналастыру мүмкін болмағандықтан және қаладан оқшау, көрінбейтін жерге тұрғызу туристік нысан ретіндегі мәнін жою қаупін туғызатыны ескеріліп, 200-250 метрдей шығысқа қарай жылжытылды. «Дарбаза» атауы осы тұстан қала орына су құю үшін Жіңішке каналынан тартылған үлкен арықтың атынан шыққан. «Дарбаза» сөзінің өзі де «қақпа» деген мағына береді. Бұл қақпаларды қайта қалпына келтіру әлі жарты тірлік, ендігі кезек олардың арасындағы қорған қамалдарды да қайта қалпына келтіру. Сонда ескі қаланың келбеті мен мұндалап тұрмақ.