Түркістанда балмұздақ өндірісі қарқынды түрде дамымақ

Oinet.kz 06-11-2022 379

1_36_0_0.jpg

Шағын және орта бизнесті дамытуға арналған көптеген мүмкіндіктер бар. Соның бірі «Атамекен» жобалық кеңсесі, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы Түркістанда «Мұзды тау» балмұздақ өндірісі ашылмақ. Тағам өндірісі үшін мемлекеттік бағдарлама аясында тиісті қаражат алынды.  

Негізінен тамақ өнеркәсібі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының басым бағыты саналады. Шағын және орта бизнесті дамытуға арналған көптеген мүмкіндіктер барын білеміз. Десек те, қолға алынған кәсіптердің көпшілігі өзге елден сатып алып, өзімізге сатудан әрі аса алмай келеді. Бизнестің әйтеуір бір тетігін таба алғанның өзі кіші жеңіс болып отыр. Ал өңдеу өнеркәсібінде басқаларына қарағанда бірқатар алға жылжулар байқалады. Өндіріс және тұтыну бұйымдарын өндіретін саланың ішінде азық-түлікке ерекше тоқталып өткен жөн сияқты. Себебі, соңғы кезде отандық өндірушілердің қарасы көбейіп, бәсекелестік артып келеді. Бұл әрине біріншіден қуантады. Түркістандықтар әр жаға зауыт, өндіріс орны ашылған сайын қуанады. Оның себебі Түркістан халық саны жөнінен ендігі елдегі ірі мегаполистермен текетіресіп қалды деуге болады. Ал жаңа өндірісі мың болмаса да, он адамды жұмыспен қамтыры анық. Бір жағынан кәсіп, екінші жағынан жұмыс.

Мұзды тау балмұздақ өндірісі бүгінде қала тұрғындарын дәмді балмұздақпен қамтамасыз етіп отыр.  

Түйе шаруашылығы Түркістанның бренді болмақ
Түркістандық кәсіпкер жылыжай көлемін ұлғайтып мол өнім алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу