Түйе шаруашылығы Түркістанның бренді болмақ

Oinet.kz 07-11-2022 227

1502687004_tye.jpg

Бәріне белгілі, Түркістан қаласында «Golden Camel Group LTD» құрғақ сүт өндіретін зауыттың іске қосылуына байланысты, аймақта түйе сүтіне деген қажеттілік артты. Қазақстан Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы келісім аясында іске асырылған бұл кәсіпорын шұбаттан ұнтақталған сүт өндірісін шығаратын жалғыз кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 100 тонна шұбат өңдеуге мүмкіндік береді. Бір тонна сүт ұнтағы өндірісі үшін 16 тонна шикізат қажет. Осы орайда, шикізатты уақтылы жеткізуге қатысты сұрақтар туындайды. 

«Бұл мәселені шешу үшін біз, Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы, ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп, аймақта түйелер санын көбейту бағдарламасын әзірлеп жатырмыз. Сонымен бірге, біз ауылшаруашылық несиелеу институтының қолдауымен несие беру және кепілдендіру бағдарламаларын іске қосу арқылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша түйе шаруашылығын дамытуға қаражат бөлуді ұсынамыз», - деді директор. 

Тәулігіне өндірілетін сүт мөлшері 39,4 тоннадан аспайды, оның зауытқа 4-5 тоннасы ғана жеткізіледі. Зауыттың толық өндірістік қуаттылығын қамтамасыз ету үшін облыста кемінде 50 мың аналық түйе болуы керек. Ол үшін 37 276 түйе сатып алу керек. «Golden Camel Group LTD»фабрикасының инвесторлары өз тарапынан түйе шаруашылығының дамуына мүдделі, сондықтан олар түйе еті мен жүн өңдейтін цехтарды іске қосуды өздеріне міндеттеуде. Зауыт жылына 365 күн сүт сатып алуға дайын, нарықтық бағамен және барлығымен келісімшарттар жасалатынына айтты. Яғни, фермерлердің өз өнімдерінің тұрақты және кепілдендірілген сатып алушылары болады. Елімізде түйе шаруашылығының дамуы біздің өңірде жұмыссыздарға жұмыс орындарын құру арқылы мемлекеттің өсуіне және экономикалық әл-ауқатына оң әсер ететіні анық. Түйе шаруашылығы жақын арада ауыл шаруашылығының ең тиімді салаларының біріне айналады.

Былғары аяқ киім шығаратын «Сайдигани» кәсіпорны әлемдік нарыққа шығады
Түркістанда балмұздақ өндірісі қарқынды түрде дамымақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу