Қонақ үй ісі арқылы қала экономикасы қарқын алуда

Oinet.kz 16-11-2022 363

2018_11_28_112609290700.PNG

Әлемде қонақ үй және мейрамхана ісі кәсіпкерліктегі жетекші салада. Аталған салада көптеген жобалар жүзеге асып, миллиондаған адам табыс тауып жүр. Бүгінгі таңда қонақжайлылық индустриясы Түркістан экономикасының дамуының әлуеті және болашағы зор салалардың бірі болып танылып отыр.  Қонақ үй бизнесі туризмнің маңызды құраушысы ретінде жүреді. Туризм тек қана экономикалық мағынаға ғана емес, сонымен мемлекетаралық байланыстардың әлеуметтік және мәдени дамуына ықпалын тигізіп, халықтың танымдық деңгейін көтереді. Қонақ үй қызметтерінің сапасы өндірістік фирмалардың сапасынан шұғыл ерекшелінеді. Оның ерекшелігі қонақ үй кәсіпорынның өнімі бір уақытта өндіріліп – тұтынылатынында. Сондықтан да қала кәсіпкерлері қонақ үй кәсібіне аса ыждаһаттылықпен қарайды.

«KHANAKA» қонақ үйі Түркістанның орталығында, тарихи-этнографиялық мұражайдың жанында орналасқан, қонақ үйдің терезелерінен Қожа Ахмет Ясауи Кесенесі көрінеді. Қонақ үйдің жанында қаланың негізгі жолдары мен көптеген көлік жол айырықтары өтіп жатыр. Қонақ үйдің ішінде демалыс пен іскерлік кездесулерді өткізу үшін барлық жағдайлар жасалған. Мейманхананың лоббиі қонақ үйдің орталық холлында орналасқан. Бір күн ішінде ағымдағы істерді талқылауға мүмкіндік беретін сәнді, тыныш және жайлы орта.

Мейманхана жанында Арбат орналасқан. Бай тарихы бар, музыканттар, ақындар мен суретшілердің шабытын оятқан көшеде туристер әсіресе көп жүреді. Мұндағы әр үй – бір тарих. Жайлы орта, арбатты бойлай  серуендеу өте жақсы әсер қалдырады. 

Жайлылықтың жоғары деңгейі тұтынушыларының көбеюіне ықпал етеді
Қонақ үйі мен мейрамханысы көп қаланың экономикасы жоғары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу