Түркістанға желілік мейрамханалар желісі келіп жетті

Oinet.kz 08-11-2022 279

Screenshot_4.jpg

Бүгінгі таңда қонақ үй-мейрамханалық кәсіптің дамуы өзекті мәселеге айналды. Себебі, Түркістанда қоғамдық тамақтандыру саласы, оның ішінде қонақ үй-мейрамхана саласы өте жоғары қарқынмен дамып келеді. Бес-алты жылдың ішінде көптеген қонақ үй-мейрамханалар мен дәмханалар ашылып, сәтті жұмыс істеуде. Ал бұл өз кезегінде қоғамдық тамақтану саласына сұраныстың барлығын дәлелдейді. 

Солардың бірі "Кәусар" мейрамханасы. "Кәусар" мейрамханасы бұған дейін Шымкент қаласында жұмысын бастап, өз клиенттерінің сенімінен шығып үлгерген. Аталған мейрамхана кеңейіп, Түркістан қаласына да жетті. 

Мейрамхана иелерінің айтуынша мейрамхана кәсібі соңғы жылдары кең өріс алып келеді. Түрлі тамақтандыру орындары мен кафе, мейрамханалар да көптеп бой көтеріп келеді. Әрине, көп болған сайын олардың арасындағы бәсекелестік артып, қала әлеуметі артады.

Жұлдызға келуші туристер көбінесе ұлттық тағам түрлеріне тапсырыс беретін көрінеді. Келуші қонақтардың көңілінен ұлттық тағамдарыдың көңілінен шыққаны мейрамхана каәсіп иелерінің қалталарын қалыңдататыны анық. 

Бес-алты жылдың ішінде көптеген қонақ үй-мейрамханалар мен дәмханалар ашылып, сәтті жұмыс істеуде. Ал бұл өз кезегінде қоғамдық тамақтану саласына сұраныстың барлығын дәлелдейді. Сұранысқа әсер ететін факторлар – ол халықтың табыс деңгейінің жоғарылауы, халықаралық интеграцияның дамуына байланысты елімізге шетел азаматтарының сапар шегіп келуі және де үй атмосферасы сыртында дем алуға деген қажеттіліктің болуы. Түркістанда мейрамхана шаруашылығы даму үстінде және оның түрлері де жылдан-жылға жаңаруда. 

Түркістанда мейрамхана бизнесі қарқын алып келеді
Түркістанда халықаралық деңгейдегі мейрамханалар саны артуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу