Түркістанда мейрамхана бизнесі қарқын алып келеді

Oinet.kz 07-11-2022 282

2018_11_30_112218569000.PNG

Еуропа елдерінің ішінде Италияға баратындар көп. Туристер Италияға - дәмді ас ішу үшін барады дегенге баршамыз сенеміз десек болады. Себебі Италия әлемге ерекше асханасымен танымал. Олардың пастасын бүкіл әлем сүйсініп жейді. Осы мейрамхана бизнесі арқылы Италия экономикасын дамытып отыр десек болады. Сондықтан да тамақ, мейрамхана бизнесі қазіргі таңда өте тиімді. 

Жалпы Түркістан қаласы бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар қалалар қатарына кіреді. Неге? Себебі Түркістан тарихы жер қойнауында жатқан мың ғасырлық көне қала болғанымен де, экономика тұрғысынан алғанда жас та болып есептелінеді. 

Түркістанда тамақ өнеркәсібі қазірде қарқынды қанат жайып келеді. Оған куә қалада қаз қатарынан тігіліп толоықталып келе жатқан мейрамханалар тізбегі. Иә! Туристер үзілмейтін көне шаһарда тамақ өнеркәсібі қашан да бизнес көзі болып табылады. Сондай мерамханаларфдың бірі "VOYAGE" келуші туристер үшін тек тамақтанатын орын ғана емес, сонымен қатар көңіл көтеретін мекенге де айналғанын мойындау керек.

"VOYAGE" мейрамханасы ең үздікті таңдайтындарға арналған. Мейрамхананың ішкі бөлігі ұстамды түсте орнатылған, жағымды фондық музыка және  мейрамхана мәзірі мен сусындары әркімнің көңілінен шығады. Ал кеш батысымен мұнда ерекше өмір басталады. "VOYAGE" белсенді адамдарға арналған сәнді барға айналады. Мұнда демалуды жақсы көретін қонақтар,  ғажайып атмосферамен бірге дәмді тағамдар, тәтті коктейльдердің дәмін тата отырып, жаңа таныстық орната алады.


Түркістанда жасалған жиһаздар сапасымен ел ықыласына бөленген
Түркістанға желілік мейрамханалар желісі келіп жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу