Тігін шеберханасын ашу арқылы несібесін тауып отыр

Oinet.kz 11-11-2022 302

Screenshot_5.jpg

Мемлекет айналадағы жұртшылық та кәсібінен нәсібін айырып отырған адамдарға құрметпен қарайды, қолдайды. Солардың бірі де бірегейі кәсіпкер Салтанат Шаукенова өз кәсібі жайлы айтып берді.

"2017 жылы бірге оқыған курстас құрбыммен бірге іс бастағанбыз. Алғашқы кезде аса қиыншылық болмаса да, табыс аздау және жылдамдық (айналым) баяу болды. Себебі, сапалы қызмет ұзақ уақытты талап етеді. Бұл істе сапа бастысы, ол маңызды. Сапалы қызметтің арқасында тапсырыстар, яғни клиенттер көбейе бастады. Осы кезде құрбым екеуіміз үлгере алмай тағы бір жұмыс орнын ашып тігіншілер алсам деген ой келді, Ол, әрине қаражатқа келіп тіреледі. Қаражат көзін табу керек, кәсіпті кеңейту керек. Қайтпек керек? Осылайша көкейімде сайраған сан сауал мені кәсіпкерлік палатасына алып келді.«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуге қатысып, менің «Тігін шеберханасы» «Аруназ» ЖК кәсіпкерлік субьектім жеңімпаздар қатарынан көрінді. Сөйтіп, 2021 шілде айында 4 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алдым. Аллаға шүкір, осы қаражатты алған соң ісіміз дөңгеленіп, жұмысты кеңірек ауқымда жүргізе бастадық», – дейді Салтанат.

Салтанат басқаратын тігін шеберханасы бүгінде ұлттық киімдердің барлық түрін тігеді. Той костюмдерінен бастап күнделікті киімдерге дейін . Сәукеле, диадема, алқа, белдемше тігу, ерекше ұлттық нақыштағы өрнекпен костюмдерді тапсырысқа қарай тігеді. «Сондай-ақ, білезік (браслет) секілді қолөнер бұйымдарын жасаумен де айналысамыз. Арасында мектептер мен мекемелерден тапсырыс болса мектеп формалары мен дескорд (бірыңғай киім) де тігіп береміз» дейді шебер.

Тігін шеберханасының жетекшісі қалалық Жұмыспен қамту орталығынан 9 жұмысшы алып, жұмыс беріп отыр екен. «Жұмысшыларым да қарапайым, кәсіптен нәсібін айырып отырған қыз-келіншектер. Табыс жағы әр кезде әрқалай. Маусымға қарай құбылып отырады. Мектеп формалары, т.б. маусымдық тапсырыстар кезінде жұмыс көп болады, тиісінше табысымыз да мол. Кей кезде бәсеңдеп қалады. Дегенмен, тоқтап қалған жеріміз жоқ. Бұйырған нәсібімізді осы кәсіптен тауып отырған жайымыз бар. Ең бастысы тапсырыс берген әр клиент жұмысымызға риза болып жатыр. Мен үшін ең бастысы – осы. Барынша сапалы қызмет көрсетуге тырысамыз. Ал, сапалы қызмет қашанда клиент шақырады», дейді бізбен әңгімесінде Салтанат ханым.

Сағат жөндеу кәсібін қолға алған
"Фараб" зауыты медициналық дәкелер шығарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу