"Табысымыздың 30 пайызын кәсібімізге инвестициялаймыз"

Oinet.kz 05-11-2022 324

Screenshot_2.jpg

Түркістан қаласының ортасындағы «Қуаныш» базарын қалалықтар ғана емес, жақын маңдағы аудандар мен ауылдардың тұрғындары жақсы біледі. «Қуаныш» базарының бастығы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Инара Намазбаеваның айтуынша, кәсіпті бастау оңай болмаған. 

"1991 жылы Қазақтан Тәуелсіздік алған тұста жекешелендіру басталды. Сол кезде ұжымдық жекешелендіру жолымен барлығымыз қосылып, пай үлесімен жекеге иемдендік. Ол кезде санаулы ғимараттар болды. Ашық алаңдар көп еді. 1991 жылдары мұғалімдер, дәрігерлер, бюджет-тік мекеменің қызметкерлері айлап жалақы ала алма-ғандықтан жерге газет төсеп, төрт бұ-рышына тас қойып, күнкөріс қамымен кез-келген нәрсені саудаға шығаратын. Базар аумағына кіріп сауда жасағандықтан «жабайы базар» деуге келмейді.

Түркістанның облыс орталығы мәртебесін алуы тұтынушылардың өскелең талабына сай болу үшін, бізге үлкен жауапкершілік пен міндеттер жүктеді. Біз өзіміздің түскен пайдамыздың есебінен базарға жылда жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеміз. Кәсіпкерлерімізге барынша жайлы болуы үшін жылда инвестиция құямыз. Табысымыздың кем дегенде 30 пайызына дейін осы мақсатқа жұмсаймыз. Бұл Әбдіғаппар әкеміздің белгілеген жоспары. Сол ізбен жүріп, даму жұмыстарын кезең-кезеңімен атқарып келеміз.

Бір кездері ғимараттардың ішінде жылу да болмады. Бірінен кейін бірін табиғи газға қостық. Бізде әлі күнге дейін барлық ғимараттар ауа баптағыш, желдеткіштермен 100 пайыз толық қамтылмаған. Шешілмеген мәселелеріміз көп. Бәрі де рет-ретімен, кезең-кезеңімен атқарылып келе жатыр" - дейді Инара Намазбаева. 

Қаланы дамытудың ІІ кезеңі шаһардағы 4 аумақта жүзеге асырылуда
"Барлық өнімдердің сапасы қатаң бақылауда болады"
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу