4 млрд.теңгеге әлеуетті 4 инвестициялық өңдеу жобасы пысықталуда

Oinet.kz 05-12-2022 494

Screenshot_8.jpg

«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймақта тіркелген 10,015 млрд. теңге сомасына 3 жоба қызмет түрін құрылыс пен пайдалануға беруден (құрылыстың аяқталуына байланысты) қызмет көрсетуге ауыстырды, сондай-ақ 1 жоба 147,706 млрд. теңге сомасына құрылысты әлі аяқтамай қызмет жүргізуге тіркелді. 2175 тұрақты жұмыс орны құрылды, барлық жобалар іске асырылғаннан кейін 7787 жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Сондай-ақ, 237 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 4 млрд.теңгеге әлеуетті 4 инвестициялық өңдеу жобасы пысықталуда.

Қазіргі уақытта «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймақта қызметі түрлерін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, Төлеби ауданындағы  «Қасқасу» туристік – рекреациялық орталығын жетінші субаймақ ретінде қосып, «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймақ аумағын 280 га кеңейту жұмыстары қолға алынған.

Реті келгенде айта кетейік, өткен жылдардың қорытындысы бойынша «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы Financial Times журналының «Global free zones of the year–2019» халықаралық рейтингісі аясында, әлемнің 5000 арнайы экономикалық аймағының арасында «SME Winner-Asia-Pacific» (шағын және орта бизнес бойынша Азия-Тынық мұхиты аймағы жеңімпазы), «Editor’s choice awards-ones to watch» (редактордың бас таңдауы-әлеуетті инвесторларға назар аударуға лайық), «Bespoke awards» (арнайы марапат – үздік маркетингтік слоган: «Тарихты құрметтеп, болашақты құру») деп аталатын 3 номинацияны жеңіп алды.

Мұнымен шектелмей, Түркістан қаласының брендін халықаралық деңгейде ілгерілету үшін Financial Times жариялаған «Болашақтың туристік орындары 2019/20» рейтингісіне қатысу нәтижесінде «Heritage Tourism» (мәдени туризм), «Infrastructure upgrades» (инфрақұрылымдық даму), «Special economic zones» (арнайы экономикалық аймақтар), «Up-and-coming Destination» (Перспективті мекен) сияқты 4 номинацияның жеңімпазы атанды.

«Greenfield» және «Brownfield» типті өндірістік аймақтарында жұмыс қызу
Қаланы дамытудың ІІ кезеңі шаһардағы 4 аумақта жүзеге асырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу