Салық түсімі 1 млрд теңгені құрады

Oinet.kz 20-11-2022 313

Screenshot_3.jpg

Салық - экономиканың негізгі көрсеткіштерінің бірі. Салықты көп төлейтін қала, аудан, облыстың экономикасы соғұрлым мықты дегенді білдіреді. Қалада көптеген өндіріс орындарышы ашылып, жұмыссыздық деңгейі төмен болса оның мемлекетке берері зор болмақ. Салықтан түскен ақша елдің тұрмыс деңгейін арттырады. Әлеуметтік жағдайын жақсартады. Елде көптеген мектеп, балабақша, аурухана секлді нысандар салынып, ел игілігі үшін жұмыс істейді. 

Осы үдеден Түркістан қаласы шығып келеді. Түркістанда жылдан-жылға халық саны артып, олардың тұрмыс жағдайлары жақсарып келеді. Себебі қалада шағын және орта кәсіпкерлік, өнеркәсіп саласы қарқынды түрде дамып келеді. Ресми ақпаратқа сүйенсек, Түркістан қаласында 2016-2023 жж. өнім көлемі 10,9 млрд. теңге болса, ал салық  түсімі осы уақыт аралығында 1 млрд. теңге құрады. Ағымдағы 2022 жылы 900 миллион теңгені құрайтын 3 кәсіпорын іске қосылуы көзделіп (1.«Асфальт бетон» зауыты, 2.«Газоблок» зауыты,   3.«Газобетон» зауыты) қосымша қаламызда 54 жаңа жұмыс орындары ашылады.

Осылайша Түркістан қаласы мемлекетке 1 млрд теңге салық төлеп, облыста алдыңғы қатарлардан көрініп келеді. Салық көлемі алдағы уақытта бұдан да арта беретін болады. Ол үшін кәсіпкерлік саласына көп көңіл бөлінеді. Қалада кәсіпкерлер көбейген кезде түсетін салық көлемі де артатыны белгілі. Осы орайда әкімдік тарапынан кәсіпкерлерге тиісті жағдайлар жасалып, халықпен тығыз жұмыстар жүргізілуде. 

Шаһарда өңдеу өнеркәсібі 6,62 млрд теңгеге жетті
Түркістанда асфальт бетон зауыты салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу