Түркістанда асфальт бетон зауыты салынады
Түркістан қаласында 2022 жылы 900 миллион теңгені құрайтын 3 кәсіпорын іске қосылуы көзделіп (1.«Асфальт бетон» зауыты, 2.«Газоблок» зауыты, 3.«Газобетон» зауыты) қосымша қаламызда 54 жаңа жұмыс орындары ашылады.
Асфальттың маңызы өте зор. Жері кең байтақ Қазақстан елі үшін асфальт өндірісін жолға қою аса маңызды. Ұлан ғайыр жерге жол салу үшін асфальттің керек екені белгілі. Асфальт — минералдық заттардың (әктас, құмтас т.б.) битуммен қоспасы. Ол табиғи және жасанды болып екі түрге бөлінеді. Асфальттың табиғи түрі мұнайдың қысым әсерінен жер бетіне шығуына және оның жеңіл бөлшектерінің ауаға ұшуына байланысты пайда болады. Ол әр түрлі (құм, топырақ т.б.) заттармен араласуынан қоюланып жер бетінде үлкен-кішілі төбешіктер күйінде кездесетін асфальтитке айналады. Асфальттың жасанды түрі — ұсақталған минералдық заттар мен битумның қоспасынан алынатын байланыстырғыш материал. Асфальтты құм, қиыршық тас т.б. араластырып автомобиль жолдарына, еденге, шатырға төсейтін құрылыс материалы ретінде пайдаланады. Асфальт кен орындары Қазақстанның мұнайлы өңірлерінде (Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе) кездеседі. Жалпы қоры 20 миллион метр кубтан астам.
Ағымдағы жылы Түркістан қаласына 179,1 млрд. теңге инвестиция келуі жоспарланып, нақты орындалуы 192,1 млрд.теңгені құрап, көрсеткіштен 7,3 % артығымен орындалды.Жалпы 2019-2023 жылдар аралығында 95 инвестициялық жоба базасы мақұлданып, 761 млрд. теңге инвестиция келуі күтілуде. Оның ішінде биылғы жылы шетел инвесторлары есебінен 7 жоба іске асырылып, 6,2 млрд. теңге шетел инвесторларынан қаржы түсіп, 278 жаңа жұмыс орны ашылды.