Рухани астанад газоблок зауытын салу қолға алынуда
Түркістан қаласында биыл «Газоблок» зауытын салу көзделуде. Сонымен қатар қосымша қалада 54 жаңа жұмыс орындары ашылады.Ағымдағы жылы Түркістан қаласына 179,1 млрд. теңге инвестиция келуі жоспарланып, нақты орындалуы 192,1 млрд.теңгені құрап, көрсеткіштен 7,3 % артығымен орындалды.
Газоблок – қазіргі заманғы әмбебап құрылыс материалы. Бүтіндей бір ірі кешенді құрылыстың міндетін тиімді, сәтті шешеді. Газобетонды блоктар түрлі өлшемдегі ғимараттарды салуға сондай-ақ қала сыртындағы шағын үйлер мен аспан тіреген зәулім үйлер құрылысы мен демалыс және сауда орындарының каркасты негіздеріне салуға көмектеседі.
Газоблок ұзаққа төзімді, өртке қауіпсіз, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, жылуды сақтау сипаттамасы жоғары, аз ғана үлес салмағы бар, түрлі өңдеулерге ыңғайлы құрылыс материалы. Көп ретте орта жағдайдағы азаматтардың коттедж құрылысын тұрғызуға кететін шығын мөлшерінің қалта құнына сай келеді.
Аталған материалдан құрылыс технологиясын жүргізу сондай бір қиындық тудырмайды. Арнайы құрылыс жүргізу білімі жоқ азамат та өз қолынан шағын қабатты үйді немесе қандайма бір құрылысты ешкімнің көмегінсіз өзі тұрғыза береді. Осы материалдан құрылыс жүргізу шығынды азайтады, бөлмеаралық қабырғалар мен қабырғаларды қалаудағы түрлі құрылыс операцияларды оңайлатады, ең бастысы құрылысқа кететін шығын мен уақытты қысқартады.
Жалпы 2019-2023 жылдар аралығында 95 инвестициялық жоба базасы мақұлданып, 761 млрд. теңге инвестиция келуі күтілуде. Оның ішінде биылғы жылы шетел инвесторлары есебінен 7 жоба іске асырылып, 6,2 млрд. теңге шетел инвесторларынан қаржы түсіп, 278 жаңа жұмыс орны ашылды.