«Turkistan» АЭА-да ірі кәсіпорындар жұмыс істеп жатыр
Түркістан қаласындағы "Түркістан" арнайы экономикалық аймағы өзге өңірлердегі әріптестерімен ылғи әріптестік байланысты ұстап отырады. Мысалы, өткен жылы “Павлодар” АЭА бастамасымен Нұр-Сұлтан, Атырау, Қарағанды, СҚО, Тараз және Түркістан арнайы экономикалық аймақтарының (АЭА) басқарушы компанияларының жетекшілерінің қатысуымен елдің арнайы экономикалық аймақтарын дамыту бойынша семинар өткізілді.
Түркістандықтар Павлодар қаласының өнеркәсіп дамуының қарқынын байқап, жергілікті өнеркәсіптермен кездесу барысында, түрлі отандық шикізат көздерімен танысты. Оларды енді жергілікті өндірушілермен таныстырып, қарым-қатынасты дамытыуға әрекеттенетіндерін айтты.
Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты - еліміздің АЭА мәселелерін ашық, еркін, қысылмастан талқылау мүмкіндігі. Ал талқылануға тұрарлық мәселе аз емес. Бұл тізімде жоспарланып отырған жекешелендіру, инфрақұрылым үшін қаражат жетіспеушілігі мен заңнама қайшылықтары және өзге де мәселелер бар. Талқылаулар нәтижесінде орталыққа жеткізетін арнайы ұсыныстар тізімі дайындалды. Бұл АЭА-дың кәсіби өсулеріне алып келеді.
Бүгінде «Turkistan» арнайы экономикалық аймағында көптеген кәсіпорындар жұмыс істеп жатыр. Соның бірі «Alageum Electric». Бұл кәсіпорын Қазақстандағы ең ірі электр компаниясы. Оған электр энергетикасы, электротехника және құрылыс саласында жұмыс істейтін 30-дан астам ірі кәсіпорындар мен зауыттар кіреді. Оның ішінде Кентау трансформатор зауыты, «Электромонтаж» АҚ мамандандырылған компаниясы, «Зауыт» Электротехникалық өнімдер» - кабельді бағыттау жүйелерін шығаратын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын.
«Alageum Electric» өндірістік кешенінің флагманы «Кентау трансформатор зауыты» АҚ электротехника өнеркәсібіндегі қазақстандық көшбасшы және трансформаторлық жабдықтардың жетекші өндірушісі болып табылады. Кәсіпорын өнімдері ТМД және Таяу Шығыс елдеріне экспортталады. Компанияның жалпы сату көлеміндегі экспорт үлесі 50% құрайды.
Бұл компания «Turkistan» арнайы экономикалық аймағының 365 га индустриялық аймағының аумағында 2 өндірістік жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.