Букмекерлік орталықтар көсегені көгерте ме, шіріте ме?

Oinet.kz 23-05-2019 1366

kto_takoj_sportivnij_bukmeker.jpg

Бұған дейін қазақ жұртына букмекерлік кеңсе деген ұғым жоқ еді.Алайда,бұл күндері жастарды жіпсіз байлаған мекен болды. Психологтар жанкүйерлікті құмарлықпен шатастырып алудың соңы жұмыссыздыққа,тіпті отбасынан  айырылу жайттарға соғатынын ескертеді.

Букмекерлік  кеңсе қазір кез келген  қаланың бұрышында толып тұрғаны белгілі.Олардың нақты санын айту қиын.

Қазақстанда статистика бойынша шамамен жарты миллионға жуық букмекерлік кеңсенің табалдырығын тоздыратындар бар. Пайдасы жоқ кеңсеге адам саны азаймаса кеңселердің жабылар түрі жоқ. Алматы,Нұр-Сұлтан,Бурабай мен Қапшағай секілді ірі қалаларда қалтаңыздың қалыңдығы мен қалауыңызға қарай ойын түрлерін таба аласыз. Бүгінде бар уақытын компьютерлік ойындарға арнап,сағаттап букмекерлік кеңселерге бас тігуге жалықпайтындар қаншама. Солардың ішінде жігіттер ғана емес,нәзік жанды аруларымызда бар.Тіпті мұндай кеңседен атақты адамдарды да кездестіруге болады.

Букмекерлік кеңселеріне бәс тігу арқылы оңай олжалы деген құмарлық ең әуелі кірісі төмен,яғни жастарды баурап алады.Көбіне бұлар колледж,жоғарғы оқу орындарында жастар көп шоғырланатын жерлерде бар.Біздің елде бір ғана "Олимп" букмекерлік кеңсесінің 180-нен астам филиалы жұмыс істейді. Онымен қоймай, "Зенит","Betcity",Гол+Пас,"Tennisi","MegaBet","Profit" деген кеңселердің бөлімшелері аз емес. Демек,букмекерлік кеңселерде  де кіріс көзі көп. Әйтпесе,мұндай ойындарды ұйымдастырушылар сонша еңбектенбейтіні анық.Келушілерге қойылатын басты талап-кем дегенде 500 теңге бәс тігу. Букмекерлік кеңселерге кіру үшін жасының 21-ге толуы міндетті.

Желімдей жабысқан ойын адамдарды бастапқы кезеңінде біршама ұттырып келуге әуес болғаннан кейін тақырға отырғызатыны анық.Бастапқы кезеңінде табысты болып,соңында тіккен ақшасының бірнеше үстемемен өтейді. Өзінің дүниесін,істеп жатқан жұмысынан керек десеңіз үйінен,ақымақ танытып отбасында тігетіндер бар.

Бұл құмар ойыны адамның санасын улап,моральді және материалды тұрғыдан күйзеліске түсіреді.

Қарлығаш Мырзабек, 

ХҚТУ әлеуметтік ғылымдар факультетінің 2 курс студенті

Қазақ пен норвег туыс па?
Жарнаманың қандай түрлері бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу