Созақтық ақын-жазушылар өз ұсыныстары мен талап-тілектерін білдірді
Жақында Түркістан облысының теріскейінде жатқан Созақта аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтың өңірдегі ақын-жазушы, журналистермен кездесті.
Осы іс-шараның басы-қасында жүрген журналист Нұржамал Майуосва журналистермен кездесуді жиі ұйымдастыру керектігін айтты. Журналистер қоян-қолтын араласқанда пікір мен тәжірибе алмасып, біліктіліктері мен білімдері артады.
Мыңжасар Асқарұлы Одақ қатарына өткен жаңа мүшелерге сәттілік тілеп, ақпарат майданында әділдік желкенін түсіріп алмауды сұрады. Ал ақын-жазушыларға өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге күш салу керектіктерін жеткізді. Себебі ұлттық құндылықты білмей өскен бала ертең елге қызмет етпейді. Сондықтан да ертең бармақ тістеп қалмай үшін бүгіннен әрекетке кірісу керектігін мәлімдеді. Сонымен қатар ол Созақ ауданының тарихы мен осы ауданнан түлеп шыққан Тәкен Әлімқұлов туралы аз-кем тоқталып өтті.
– Созақ жері қасиетті жер, бұнда бірнеше әулиелер өткен, аты аңызға айналып кеткен Созақтың ішінде бірнеше аңыздар жатыр. Созақ – ежелден қарт Қаратау мен Сырды қауыштырып, алуан мәдениеттерді тоғыстырған, қазақ халқының байтағына баланған өлке, руханияттың нәрлі ошағына айналған киелі өңір. Қазақ руханиятының төрт құбыласын Орталық Азияға дін тарата келген Ысқақ баб, Ұлық Ұлыстың рухани ұстыны – Баба Түкті Шашты Әзіз және Қарахан дәуірінің ұлы әміршісі Тамғаш Хасан Боғра хан (Қарабура әулие) мәңгілікке дамылдаған қасиетті Созақ өңірі түйістіріп, жалғап жатыр. Сондықтан бұл өңір қазақ халқымен қатар, түбі бір түркі жұртының да қастерлі мекені, - деді ол.
Сонымен қатар Мыңжасар Асқарұлы Созақтың мақтанышы Тәкен Әлімқұловтың қаламынан шыққан туындылардың қай-қайсысынан болмасын қарапайым қазақтың бейнесін, ұлттық болмысы мен мінезін, тіршілігі мен психологиясын адаспай табуға болатынын мәлімдеді. Қазіргі жастар осы Әлімқұловтың шығармаларын оқып өссе бойларына патриоттық сезімді қабылдар еді.
Кездесу барысында қаламгерлер қонақтарға кітаптарын таратып, сый жасады. Кездесу өте жоғары деңгейде өтті.