«Ауылдың бүкіл еркек кіндіктісі өрт сөндірумен арпалысып жүр»: Аягөзде де өрт (видео)
Аягөз ауданындағы Баршатас пен Байқошқар ауылдары қызыл жалынға оранып жатыр. Өрт сөндірушілер үш күннен соң ғана бой көрсеткен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Бұл туралы Оңғар Қабден өзінің facebook парақшасында:
"Аягөз ауданындағы Баршатас пен Байқошқар ауылдарының жері үш күн болды өртеніп жатқанына. Өрт сөндірушілер бүгін ғана келіпті. Үш күн болды ауылдың бүкіл еркек кіндіктісі өрт сөндірумен арпалысып жүр. Малдың бүкіл қыстық азығы жанып кетіпті. Нұрлан Ұранхаев мырза өзіңіз осы ауылдарға барып, жағдайын көзбен көріңіз.
Төтенше жағдайлар министрлігі бұндай жерлерде өрт болып жатқанынан да хабарсыз",- деп бөлісті.