Кішкентайдың түпсанасында мешіт жайлы не ой қалыптасады?

Oinet.kz 05-09-2022 1260

Мешітке бала ертіп барсақ; 

— Шұбырмаңдар, шуламаңдар,-деп кейбіреулер ұрсып жатады. Неге, не болыпты, десең: 

— Мешіттің әдебі деген бар. Бұл жер баланың ойнайтын жері емес,- деп шорт кеседі.

Screenshot_18.jpg

Қабақ түюлі. Бала түгілі, өзің қорқасың, анадай агрессиядан. Енді айтшы, осындай дөрекіліктен соң, кішкентайдың түпсанасында мешіт жайлы не ой қалыптасады? 

Негізі бар ғой…

Мешіттің әдебін бала деген сол мешітте жүріп үйренбей ме екен? Ішінде еркін аунап-ойнап өскен бала ғана ертең мешітті өгейсінбейтін болады емес пе?

Стамбұл шаһарын жаулап алған Мехмед Сұлтанның бір сөзі бар-ды: Үлкендер намаз оқып тұрғанда, арт жақта, кішкентайлардың сықылдап күлгені, дүрсілдеп жүгірген дабыры естіліп тұрмаса — ол қауымның ертеңі жоқ. Түріктер осы өсиетті шамасы жеткенше орындауға тырысады. Мысалға; Түркияда молдалар мешітке кірген балақайларды ертіп, пойыз боп ойнап жатады. Ойын демекші. Мешітте кішкентайлар не істесе де еркі. Ұрсу былай тұрсын, ойындарын тыюға болмайды! Күнә! Оған мынау дерек мысал бола алады: Пайғамбарымыз с.а.с. мешіт төрінде уағыз айтып отырғанда, екі немересі "атааау" деп жүгіріп кіреді. Елшіміз сөзін тоқтатып, екеуін әбден мауқылары басылғанша құшақтайды. Қошақандар жүгіріп кете барады. 

Тағы бірде, пайғамбарымыз с.а.с. намаз оқып тұрғанда, немерелері жүгіріп кеп, арқасына асылып алады. Сырғанап ойнайды. Ойнап болғанынша, нәбиіміз с.а.с. сәждеде жатады. Көрдіңіз бе? Пайғамбарымыз с.а.с. мешітте құтба айтып тұрғанда, немерелері үшін сөзін үзіп, құшақтап, хақысын берді. Намаз оқып тұрып, қағып жібермей, сәждеде болды. Ал мешітте, үлкендердің оооу арт жағында өзімен өзі ойнап жүрген балаларға не үшін ұрсуымыз керек? Не үшін ескертпе жасауымыз керек! Болмайды! Ойнасын, мауқы басылсын!

Нұрбек Бекбау facebook парақшасынан

Біз массовка үшін туған халықпыз
Саясат Нұрбек, саған айтам, Ерболат Досаев, сен тыңда!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу