Саясат Нұрбек, саған айтам, Ерболат Досаев, сен тыңда!
Алматыға ауылдан, аудандардан, қашық қалалардан оқу іздеп ағылғатын студенттер жылдан - жылға көбейіп келеді. Бұрыннан солай. "Адырна" ақпараттық парақшасынан бір материалды оқып қалдым студенттер далада түнеп жүр!
Әлеуметтік желіде де көгал жастанған студент жастар. Мәселе мантыда емес ішіндегі етте болып тұр! Алып қалада алыс болса да бір туысы бар кез- келгенінің, қан қуалап келсек. Ал, неге солардың үйіне жатып оқымасқа? Себебі сіздер үлкендер асыл сыйластықтың, туыстық қарым - қатынастың кендірін үзіп алдыңыздар! Тіпті сіздерден тараған ұрпақ бір- бірін танымайды дені. Той томалақта жалған күліп бір- бірлеріңіздің беттеріңізге жалған күліп сүйісіп сілекей жаққанша сүбедей біріктіріңіздер ажырап қалған құнды қатынасты.
"Аға", деп барсаң ағаңа
Ағаның көңілі көкте жүр.
"Бауыр" деп барсаң бауырға,
Бауыры оның көк темір".
Әр студенттің ішінде осы қыжыл!
Осының бәрін былықтырып болашақты бізге ысыра салмаңыздар! Өзегіне бойласақ өздеріңізден!
Енді мемелекет сен тыңда! Төле биді жылына төрт рет қаза бергеннен Шыңғысханның сүйегі шықпайды оданда сол бюджетке жатақхана салып беріңдер! Көш кезінде қазанның астында қалып қойған қара бала құсап жәутеңдеп жүр кеше Алматыда балмұздақтар. Жетім бұрыш жағалап. Надяның артында алтауы, Женяның артында жетеуі жалынып. Саясат Нұрбек саған айтам Ерболат Досаев сен тыңда!
Еркін Ермеков facebook парақшасынан