Біз массовка үшін туған халықпыз

Oinet.kz 05-09-2022 838

Қазақ халқы өз жерінде фантомға айналған. Ол - жай елес. Көзге көрінбейді. Не салмағы, не құны, не үні жоқ. Әлдене айтқан болады. Оны ешкім естімейді. Әлдене жасағысы келеді, оны ешкім елемейді. Оның қалауы бар. Бірақ ол қалау ескеру үшін жаралмаған.  

Screenshot_13.jpg

Ол - деюре бар, бірақ дефакто жоқ халық. 

Ол өзінің тілінде сөйлегісі келеді. Бірақ билікті оның тілінде сөйлемейтіндер басып алған. 

Оның тілінде сөйлемеген соң, оның жанымен де шаруасы жоқ. 

Мемлекеттік қызметте 5 жыл істемеген адам емес, халыққа оқ атқан адам президент болуға хақысы жоқ. 

Қазақ мемлекетінде бір ғана тіл болуы керек. Ол – қазақ тілі. 

Қазақ мемлекетінде бір ғана мектеп болуы керек. Ол - қазақ мектебі.

Біз «орманның» да, «айдаһардың» да құлы емеспіз. Бірақ біздің мүддеміз бізден сұралмастан сатылып кеткен.

Бізді сатып жіберген. 

Қазақ ешкімге сенбейді. Репутациясы кіршіксіз, осының жолында өлемін, ол халық үшін жаралған дейтін абсолютті сенімге ие болған көсбасшысы жоқ. 

Бәрі сатылған. 

Бірі - креслоға, бірі - ақшаға, бірі - атақ-даңққа. Сатылмағандардың табанының бүрі, жүрегінің түгі жоқ.

Құдай енді бізге Алашордада туған Алаш арыстарын бермейді. Екі бермек жоқ болар. 

Сондықтан біз массовка үшін туған халықпыз.

Біз артқы фонда көрініс үшін тұрмыз. Қол соғуға, уралауға, жалаушаларды желбіретуге. 

Біз - елеспіз. Фантом. Бізде жан жоқ. Біз - жоқпыз. 

Халқының тірі өлік екенін біліп алған билік хан тағына бір жармасқан соң, одан ешқашан ажырамайды. 

Қостанай өртеніп жатыр ғой. Қайран Ахаңның отаны. 

Өртеніп жатқан - ол фантом халықтың өзегі ғой.

Өртеніп жатқан Алашорданың жүрегі ол...

Танакөз Толқынызы facebook парақшасынан

Иманымды бұзып отырсың
Кішкентайдың түпсанасында мешіт жайлы не ой қалыптасады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу