«Мүгедек қыздарды екінші әйел қылып алсын» - психолог (видео)
Психолог Серікгүл Сәли мүмкіндігі шектеулі қыздарды екінші әйел етіп алуды үйгіттеді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты.
- Ешбір еркек қарамайтын қыздар болады. Бірақ олар бала тууға қабілетті келеді. Бұрын мынадай болған, бір аяғы кем, қолы кем деген сияқты. Кейбіреудері бастан мүмкіндігі шектеулісі болады. Физиологиясы сап сау, бала туғысы келеді. Кейбіреуі жасын өткізіп алды. Теңі жоқ, басқалары қарамайды. Соларды тоқал қылып ал, соларды туғыз. Сонда бұл дұрыс жағдай болады. Басқа сұлу қыздарды иемдене беру деген табиеғатқа сай нәрсе емес дейді - психолог Серікгүл Сәли.