Балғынбек Дубайдан алып келген қымбат көлігін көрсетті (фото)

Oinet.kz 30-09-2021 2147

Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев Дубайдан алып келген көлігін көрсетті. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Балғынбек.png

- “Қыздың көзі қызылда” деген. Қызыл машинасы келіп қызым мәз. “Күнде мектепке осы көлікпен барамын ба?” дейді. Осы көлікті Рамазан айында Дубайдан алып едік. Жолы ұзақ болды, енді ұзақ жолымызды қысқартып, игілікке қызмет етсін.

Пайызсыз 100 баспанаға тіркелген алғашқы 20 адам 6 айда, келесі 20 адам 7 айда, осылайша әр 20 адам бір ай кейінірек алатын болады. Сосын, мені кешіріңіздерші, 25% алғашқы жарна деп жіберіппін, Әділет органдарынан тіркелгенде 30% деп тапсырылған екен. Бірақ, үйдің бағасына шектеу жоқ. 100 млнға алғыңыз келсе де, 200 млн үйін алам десеңіз де пайызсыз әпереміз. Ең бастысы, өсімге, пайызға, харамға жоламаңыздар! Жарай ма?

Базардың жеңілдікпен сатылатын 500 үлесі де таусылуға шақ. Осыған дейін 4, 8, 12, 20 үлес аламыз дегендерді көріп едік. Бүгін 200 үлес алуға бронь жасап кетті. Осы апта ол акциямыз бітуге таяу. Үлгеріп қалыңыздар!

Өзімнің артық ақшам болса, қазір жеңілдікпен алып, қараша-желтоқсанда екі есе бағамен жартысын сатып, салған ақшамды қайтарып әрі алған үлесімнің жартысын қалдырар едім. Хайыр, бұйырған адам алсын. Сіз ақшаңыз болса үй алар ма едіңіз, базардан үлес алар ма едіңіз? - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Балғынбек Имаш (@balgynbek_imash)

Алматылық әженің 1,5 миллион теңгесін қайтарған такси жүргізушісі көпшілікті сүйсіндірді (видео)
«Мүгедек қыздарды екінші әйел қылып алсын» - психолог (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу