«Жау» деген жала жабылды» - Имашев билікке наразылығын білдірді

Oinet.kz 12-08-2021 3775

Танымал айтыскер Балғынбек Имашев Шымкенттік дәрігер Айна Бакееваға жазықсыз жала жауып отырған билікті сынады. Ол өз пікірін Instagram парақшасында жазды. 

Балғынбек.jpg

- Дүниеден өткен журналист ағамызды Алла жарылқасын! Отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын.

Дегенмен, әлеуметтік желіде орынсыз айыптаулар, жазықсыз жалалар басталып кеткен екен. Қазақтың қайсар қызы, дәрігер Айна Бакееваны былтыр ғана, пандемия дейтін әлемдік цирк басталғанда уацап арқылы келген видеосы арқылы таныдық. Шын жанашыр, білікті маман, ұлтшыл, мемлекетшіл, нағыз мейірбан дәрігер ретінде қабылдадық. Жан айқайы өзін көрсету үшін емес еді. Ішіндегі ниетін Алла біледі, біз әрекетіне баға береміз.

Жылап тұрып түсіндірді, ызаланып тұрып түзетті. Қаншама ауруларды айықтырды! Биыл да күні-түні желі арқылы елге пайдалы ақпарат таратты, күмәндіден сақтандырды, қауіпті сезіп дабыл қақты! Ол дабыл жоғарыдағы тапсырма "орындаушыларға" ұнамады. Сөйтіп, "антиваксер" деген айып тағылып, "жау" деген жала жабылды.

Аққа құдай жақ! Мен Айнаны кешегі Әлия мен Мәншүктен, арыдағы Томирис пен Заринадан кем көрмеймін!

Бір күні ақиқат ашылады! Сол кезде "бетперделер" шешіледі. Бірақ, кеш болады! Құрметті оқырман, желіде ақпараттық майдан! Вируспен биосоғыс басталса, жаламен күйежағыс басталды.

1. Көліктердің айнасын ұрлауды тоқтау үшін Денис Тен құрбан болды.

2. Екпені заңдастыру үшін Айнаны құрбан қылуға жол бермейміз!

Осы постқа танымал адамдар лайк баспақ түгілі пікір жазуға қорқады! Қорқу - ажалды алыстатпайды, Батырлық - ажалды жақындатпайды!

Айна мен Сізбен біргемін! Біз отбасымызбен Сізбен біргеміз! Тағы кімдер бізбен бірге? - деп жазды ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Балғынбек Имаш (@balgynbek_imash)

Неге мемлекет дінге бағынбайды? — Нұрболхан билікті сынады (видео)
Тұрсынбек Қабатовтың қызына байланысты жаңа деректер шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу