Неге мемлекет дінге бағынбайды? — Нұрболхан билікті сынады (видео)
Белгілі әзілкеш Нұрболхан Шарапов дін мемлекетке емес, мемлекет дінге бағыну керек деген пікірін жеткізді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында айтты.
- Жұма оқылмайды!
Азан да шақырылмайды!
Онсыз да Жұманы мешiттiң iшiнде емес, ауласында оқып жүрмiз ғой. Далада.
Неге дiн мемлекетке бағыну керек, мемлекет дiнге емес? Азанды шақыртпау - Ақыретке асыққанмен тең! Бұл неткен логикасы жоқ билiк болды?
Ресторандар толы.
Автобустар толы.
Базарлар толы.
Супермаркеттер толы.
Түнгi клубтар толы.
Самолет толы.
Поезд толы.
Бiрақ, мешiттер жабық.
Сонымен не керек, ақыры жаңағы мешiт Азан шақыратын болды. Шақырды! Жұма оқылмай тарқастық жәймен!
Билiк басындағылардың басына ми, жүректерiне иман берсiн! Бәрiмiз осыны тiлейiкшi, мүмкiн жақсы боп кетер!
Ескерту: Жұмада жаман сөз жазып күнәға батпаңыз! - деп жазды ол.