«У шашып жүр» - Нұрболхан Шарапов билікке шағымданды (видео)

Oinet.kz 05-08-2021 9259

Белгілі әзілкеш әрі асаба Нұрболхан Шарапов билік вакцинаға итермелеу үшін қолынан келгенін жасап жатыр деп шағымданды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Шарапов пен у.jpg

- Бұл не болды екен? Мына видео тарап жүр интернетте. Масаны улап жүр дейiн десең, масадан келетiн қауiп жоқ қой. Әйтпесе, Атырау, Оралдың халқы масадан қырылыпты деген ақпарат бұған дейiн тарайтын едi ғой. Оның үстiне, көлiктiң номерiне қарасаң Астана ғой. Сосын, неге именно түнде улауға шығады? Күндiз ше? Тағы мына жiгiттер неге үнсiз қарап тұр видеоға?

Егер, билiктен "маса улауға" деген қағазы болса, видео түсiрген көкеме "Аға, даурықпаңыз. Мiне, әкiмшiлiктен қағаз бар" деп, неге көрсетiп ақталмады? Неге үнсiз? Демек, жауап бере алмай, приказ орындап жүрген шығар?

Сонда осы уақытқа дейiнгi қаңқу әңгiме айналған "у шашып жүр" деген әңгiме рас па? Егер сол рас болса, статистика, үрей тудыру үшiн, вакцинаға итермелеу үшiн әрине күнiне 6 000 адам вирус жұқтырды деген ақпарат шындыққа жанасады. Әрине, адамдар ковидтен көз жұмады.

Автобус, супермаркет, базарларда адам толы. Самолетта иық тiресiп отырамыз дистанция тұрмақ. Ұшақта жарты сағат масканы шешiп тамақ iшемiз. ГДЕ ЛОГИКА? Сағат кешкi 17:00-ден кейiн шығама вирус көшеге? ASHYQ-пен тек вакцина алғандар ғана кiредi. Вакцина алғандар да вирус жұқтырады дедi. ГДЕ ЛОГИКА? Қысқасы, ЦИРКтан шаршадық шыны керек. Бәрiбiр ақиқат шығады түбi. Аллаһтан ғана пана сұраймыз! Қарапайым халыққа жар болсын, Аллам! Осылай жексұрын боп кетемiз - деп жазды ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нурболхан Шарапов (@nurbolkhan_sharap)

«Мен сізді аяймын, апа» - Маңғыстауда әкім той қонақтарының алдынан шықты (видео)
Неге мемлекет дінге бағынбайды? — Нұрболхан билікті сынады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу