Сұлтанханов сынға ілікті
03-05-2023
Шенеунік той тойлауға келген әжейге бір күнде 14 адам өлгенін, қазір 1400 адам ауруханада жатқанын жеткізіп, карантинді сақтауды өтінді.
Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мейрамханаға тойға келген қонақтарды қарсы алып, үйге кері қайтуын сұрады, деп жазды Lada.kz.
Мұнайлы ауданында коронавирус инфекциясының таралуына байланысты карантиндік шаралар енгізілгеніне қарамастан, жауапсыз тұрғындар той өткізбек болды.
Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мейрамхана алдында қонақтарды қарсы алды. Шенеунік көлікте отырған әжейге карантинді сақтау қажеттігін түсіндіріп жатқанда рейд қызметкерлері осы сәтті видеоға түсіріп алыпты.
- "Мен сізді аяймын, апа. Бүгін облыста 14 адам өлді. Құдай сақтанғанды сақтайды. Қазір 1400 адам ауруханада жатыр. Өзіңіздің денсаулығыңызды күтіңіз, келін, балаларыңызды, мына кішкентай сәбиді ойлаңыз", – деді әкім өтпей қалған тойдың қонақтарының біріне.