Ағамның әруағы мені өлімнен құтқарып қалды
21-04-2022
Айтыскер ақын Балғынбек Имаш вакцина салдырмағандарға баспана сыйлайтынын айтты. Бұл туралы ақын өз Instagram парақшасында жариялады.
Айтыскер ақын өзінен көмек қолын сұрайтын жандар үшін, вакцина салыңдар деп жарияламағандар үшін баспана ұтып алудың шарттарын алдағы күндері жариялайтынын айтты.
“Әссәләмуғәләйкум, ардақты Алаш жұрты! Көп адамдар жекеме хат жазып мәжбүрлі, міндетті вакцинация туралы неге жазбайсыз дейді… Көп адамдар “Аманат Хоум” туралы посттарыңызды неге алып тастадыңыз, неге жарнамалауды тоқтаттыңыз дейді… Көп адамдар көмек сұрап, алғашқы 35% жарна салуға ақшамыз жоқ, “Аманат Хоум” арқылы тегін үй алып беріңізші дейді. Көп адамдар… Ия, Мен жалғызбын! Бірақ менің барлық құлдарына қамқорлығы жетіп артылатын ЖАЛҒЫЗ, ӨТЕ ҚҰДІРЕТТІ, МЕЙІРІМДІ РАББЫМ бар! Мәжбүрлі вакцинацияға қарсы ештеңе жасай алмаймын. Өйткені оның жарнамасы да, ұялы телефон, ақша, көлік, тіпті, пәтер тігіп елді тарту, қызықтыру, қала берді қорқыту, міндеттеу, қоқан-лоқы жасау сияқты түрлі насихаты мен нақты әрекеттері жаппай белең алып кетті. Бірақ мен де қарап жатпайын, қайырымдылық қорын ашайын! Қазағым үшін әрекет етпекпін. Алла бұйыртса, ҰТЫС жариялаймын! Вакцина алмағандар үшін! Алыңдар деп желіге салмағандар үшін! Көгілдір, лесби, транс болмағандар үшін! “Қазақстан Ата-аналар одағын” қолдағандар үшін. Балғынбектен 500 баспана! Бес емес, бес жүз! Ұтыстың шарттарын алдағы уақытта жариялаймын! — деп жазды желідегі парақшасында.