«Қазағымды мазақ ететін болсаңдар быт-шыттарыңды шығарамын!» - танымал журналист

Oinet.kz 21-06-2021 4933

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы орыстілді қазақтарға мәлімдеме жасады. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды. 

Бибігүл.jpg

- Орыстілді қазақтарға айтарым:  

Асфальттың үстінде ешқандай ата-бабаларың туылып, орысша сөйлеп кеткен жоқ! Түп тамырың - Сенің де, менің де - КӨШПЕНДІ ҚАЗАҚ! Ендігі тағы да ауылдан келген қазағыма тіл тигізер болсаңдар, аямаймын!

Жазыңдар міндерің болса. Мәдениетті түрде жазыңдар. Өздеріңді Құдайдай сезініп отырмай. Көршім бар орыстілді. Соның ұлы үйімнің есігін кейде теуіп кетеді. Былтыр сол 11 жасар ұлы «Тетя, у вас ах***ная **па» деп айтқанда, шешесіне барып ескерттім. Сонда ол ешқандай әбестік жоқ деп күлді. Осы ма типа қаланың мәдениеттілігі?! Сол әйел үнемі темекісін шегіп, подъезге тастап жүреді. Бірнеше рет ескертуден соң, қойды. Осы ма кереметтілік?! 

Үнемі аузы перегар сасып жүреді. Лифте жанында тұру мүмкін емес. Мен оған айтпаймын ғой барып осының бәрін. Қайталап айтамын, жазыңдар сынды. Бірақ, улы тілдеріңе ие болыңдар! «Мамбет», «бараны», «калбиты» деп мазақ ететін болсаңдар, быт-шыттарыңды шығарамын!

Алдымен сол сөзді айтар алдында айнаға қарап көріңдер! Мен өз Қазағыма осында отырғанда, ешқайсыңа тіл тигіздірмеймін!  Осыны жадыларыңа сақтап алыңдар!  Мына әйел кешеден бері өзін «Королева Елизавета» секілді сезініп отырған еді. Менің постымнан соң, Facebook, Instagram парақшаларындағы аккаунттарын жауып алды. Мен бұларға осында отырған орыстілді мәймөңкелеп жазатын блоХер емеспін! 

Менің аудиториямда - орыс, кәріс, шешен, түрік, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, әзірбайжан, неміс, еврей, грузин ұлттары да бар. Олар менен қазақша үйренуде.

Қазақтілді журналист болсам да, өзге ұлт оқып отыр. Өзге ұлттың алдында өз ұлтымды таптатпаймын! - деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы. 

image.png

«Мойындаңыз!» - белгілі кәсіпкер министрге үндеу жолдады
Балғынбек Имаш вакцина салдырмағандарға баспана сыйламақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу