Келінінің бетіне вилканы қыздырып басқан әйел халықтан кешірім сұрады (видео)

Oinet.kz 21-07-2021 14035

КТК телеарнасының тележүргізушісі Гүлмира Әбіқай Түркістан облысында газ плитаны жумағаны үшін інісінің келіншегінің бетіне вилканы қыздырып басқан қайын әпкенің жауыздығы туралы баяндады. 40 жастағы келіншекке жасалған бұл әрекетке қайын әпкесі байқаусызда барғандығын жеткізген. Бұл туралы журналист Instagram парақшасында хабарлады.  

image.png

- Жалпы, заман дамыған сайын адам баласының жауыздығы да арта ма дедім. Фотодағы 40-қа толмаған келіншек. Есімі Гүлзира. Газ-плитаны жумадың деп күйеуі емес❗️ қайын әпкесі вилканы отқа қыздырып бетіне басқан.

Оқиға Түркістан облысында болды. Гүлзира туғаннан ақыл-есі кеміс, адам баласына агрессиясы жоқ. Еңбекқор, жұмысқа төзімді, сауаты жоқ, ақша санай алмайды, кім не айтса соны істеп еріп кете береді. Ата-анасы бала кезде қайтыс болған жетім қыз. Өзі сынды жарымжан жігітпен бас қосты, 2 баланың анасы. Адам баласының көзіне тіке қарай алмайтын, өз сөзін жеткізе алмайтын келінге бәрінен бұрын қайын әпкесі Бағила қуанғандай. Гүлзира бәрін істейді, шаршау не қарын ашу дегенді білмейді, құдды робот. Бағила жекіп, ұрсып, кейіннен ұрып үйренді. Келін ешкімге айтпайды не қашпайды, құда да тыныш құдағи да тыныш. Газ плитаны жумағанды көрсетем деп шанышқыны отқа қақтап бетіне басуы енді шектен шығу! Бұл сұмдықты да ешкім білмей өтер ма еді, сіңілісі кездейсоқ келіп қалып үстінен түскен. Беті көлкіп таңба басылғанымен не мазь жақпаған, не ешкімге көрсетпеген. Онсыз да мойны ырғайдай, биті торғайдай болған әпкесіне жаны ашыған сіңілісі кішкентай баласымен қосып алып кетеді. “Ауруханаға апарғанымен ешкім полиция шақырмады” дейді Гүлдарина. Алайда, полиция неге арызды әлі тіркемеген мұны @turkistan_polisia білеміз

“Бала ауырып қиналса да барлық құжаттар қайын әпкесінде, мүгедектік карта да сол кісіде. Әпкемізге бермейді, ешқашан білмейді өз ақшасының қайда қаншасы кетіп жатқанын. Денсаулығы жоқ, ешқашан емделмеген” деп жазыпты сіңілісі - дейді журналист Гүлмира Абықай.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Гульмира Абыкай (@gulmir_ktk)

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Гульмира Абыкай (@gulmir_ktk)

Балғынбек Имаш вакцина салдырмағандарға баспана сыйламақ
Дикий Арман Құрбан айтта 300 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу