Жаз – денеңізді жақсы көруге арналған уақыт
Жаз мезгілінде адамдардың көпшілігі сыртқы келбетке мән береді. Егер өз денеңізді немесе оның қандай да бір бөлігін жақсы көрмесеңіз, уайымдамаңыз, сіз жалғыз емессіз. Сіз – «мінсіз түр» мәдениетінің құрбанына айналған жандардың бірісіз. Өзінің сыртқы келбетіне наразы болудан шаршағандарға 6 кеңес ұсынамыз. Журналдардағы, жарнама беттеріндегі модельдер біз қандай болуымыз керек екенін көрсетеді. Алайда көпшілік шашпен, макияжбен және фотошоппен бірнеше сағат жұмыс істемей тұрып, ол адамдардың түрлері басқаша болатынын біле бермейді. Өзіңізге қамқор болу үшін және өзіңізді жақсы сезіну үшін «мұқабадағы қыз секілді» болу міндетті емес.
1. Міндетіне назар аударыңыз. Сіздің денеңіз басқаларға ұнау үшін емес, сізді тірі ұстап тұруға арналған. Сондықтан денеңіз не істей алатынын ойлаңыз. Мысалы, ішіңіз ұнамаса, ол жүкті болғанда бала көтеруге, арқаңызды ұстап тұруға немесе тамақты әрқашан қорытуға көмектеседі.
2. Өз денеңізді іштей қоректендіріңіз. Өз денеңізді энергия сақтауға және рақат сыйлауға көмектесетін құнарлы тағамдармен азықтандырыңыз. Диета тек физикалық емес, психикалық саулыққа да әсер етеді. Үйлестірілген диетаның жан дүниеге әсерін бағалау қажет.
3. Өзіңізді еркелетіңіз. Сізді емдейтін нәрселер жасаңыз. Босаңсытатын массаж, орманға бару немесе ыстық ванна қабылдау – өзіңіз бен санаңызды бағалауға керемет әсер береді. Бастысы, денеңіз тек сырттан жақсы көрінуге емес, іштей де өзін жақсы сезінетін нәрсе болуына көз жеткізіңіз.
4. Денеңізге жақын досыңыз секілді қараңыз. Денеңіз өміріңіздің әр минутында сізбен бірге болды. Ол сіздің жеңісіңіз бен сәтсіздіктеріңізді көрді. Сіздің денеңіз – ең жақсы досыңыз. 5. Өз дарыныңызды тәрбиелеңіз. Адамдардың көпшілігі қауіпті қақпанға түсіп қалады: олар тек өзінің сыртқы келбетіне зейін аударады. Жаңа дарынды ашу (немесе ескіні дамыту) сіз адамдар көретін бейнеден де әлдеқайда үлкенірек екеніңізді түсінуге көмектеседі.
6. Әр адам өздігінше ерекше. Әлеуметтік желі немесе журнал беттеріндегі «мінсіз» болып көрінетіндер сіз сияқты қарапайым адам екенін түсініңіз. Олардың да өз кемшіліктері мен қиыншылықтары бар. Олар жұртқа көрсеткісі келетін жағын ғана жариялайды. Бастысы, өзіңізді бағалаңыз, сүйіңіз және өз ерекшелігіңізді айқындаңыз. Өзіңізбен өзіңіз өмір сүріңіз. Денсаулығыңызды күтіңіз, ағзаңызға пайдалы тамақтар жеңіз, физикалық қозғалыс жасаңыз, өмірді жақсы көріңіз және айналаға күлімдеңіз.
Дереккөз: massaget.kz