Айдос Сарым құны 303 968 теңге тұратын төсбелгісі туралы пікір білдірді (видео)
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым құны 303 968 теңге тұратын депутаттық төсбелгіге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлымен сұхбат барысында айтты.
- Менің түсінігімде бұл значок алюминий, қалайы болсын басқа болсын маған бәрібір. Ең алдымен бұл алтын. Бірақ бұл депутаттықтың атрибуты. Баяғы билерге төсбелгі беретін, белбеу тағатын деген сияқты бұл да сондай белгі. Осы тұрғыдан ғана қабылдаймын. Бір жағынан, салмағы бар алтын. Екіншіден, біздің монетный дворда басылғаннан кейін, өте шағын тиражбен басылғаннан кейін қымбаттады ма деп өзім ойладым. Егер Парламенттегі іс басқармасының азаматтарымен келісіп кездесіп жатсам, өзім бөлек сұраймын деп ұйғарып отырмын. Әр депутатқа жаңасын береді екен - деді Айдос Сарым.
Еске салайық, жақында әлеуметтік желіде төсбелгілерді төлеу үшін бюджеттен 24 317 440 теңге бөлініпті деген ақпарат тараған болатын.