Адамды танудың 4 әдісі

Oinet.kz 22-04-2019

image_l (30).jpg

Адам өзінің "жаман қасиеттерін" қанша жасырғысы келсе де, кей әдістерді білу арқылы оның шынайы болмысын анықтауға болады. 

1. Билік арқылы сынау.  

Адам сізбен қатынаста болғысы келсе, өзін сыпайы ұстайтыны анық. Сондықтан да, жаңа танысыңыздың басқалармен қарым-қатынасын бақылаңыз. Егер оның жұмыс істейін қызметкерлері болса, олармен қалай сөйлесетінін бақылаңыз.

 Сонымен қатар, адамның қызмет көрсетушілермен (мысалы, даяшы) қалай сөйлесетінін көру керек. Агрессивті, арсыз адамдар өздерінен төмен деп санайтын адамдарға жиі негативті жағын көрсетеді. Егер ол даяшыға дөрекі сөйлсе, сатушыға немесе жүргізушіге мінезін көрсетсе, ойланыңыз. Себебі уақыт өте ол мінезін сізге де көрсетуі мүмкін. 

2. Жақындары туралы сұрау. 

Оның ата-анасы, туыстары және достары жайлы сөйлесіңіз. Оның олар туралы пікірін тыңдаңыз. Егер ол өзінің жақындары туралы жаман нәрселер айтса, болашақта ол топқа сіз кіргенде, сіз туралы да солай айтатынына күмәнданбаңыз. 

3. Сынама шар. 

Адамның шынайы болмысын білудің бір амалы – онымен бірге сынақтан өту. Ол квест, жұмыс жобасы, спорттық ойын болуы мүмкін. Мұндай шаралар кезінде адамдар ашылады. Оның көмекке дайын немесе дайын еместігі анық көрінеді. 

4. "Құпия болып қалсын!". 

Жаңа адамға өз сезімдеріңізді, ұялатын нәрсеңіз туралы және құпияларыңызды айтуға асықпаңыз. Оған сенуге болатындығын әлі білмейсіз. Сондықтан, алдымен оған өте маңызды емес, сіз үшін аса ауыр емес жағдай туралы айтыңыз. Содан соң оның реакциясын бақылаңыз. Ол сізге тілектес бола ма әлде әдейі тигізе айтып, есіңізге түсіре бере ме? 

Дереккөз; massaget.kz

Бет терісіне арналған күзгі күтім ережелері
Күзде бетке қалай күтім жасау керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу