Бет терісіне арналған күзгі күтім ережелері
Күзгі салқындық, өзгермелі ауа райы және температураның бірден түсуі тері жағдайына негативті әсер береді. Ыстық жаздан соң күзде теріңізде бөртпе немесе безеу, қабыршақтану немесе майлы жылтырды байқаған боларсыз. Күзде бет терісіне қалай күтім жасау керектігін ұсынамыз. Тамақтану үлесіңізді дәрумендермен толықтырыңыз. Күзде тері проблемасы көпшілікте байқалады. Ол әдетте, дәрумендер мен микроэлементтерге бай тағамдарды жеуді тоқтатқандықтан болады.
Тамақтану үлесіңізді бақылап, майлы және тұзды тамақты азайтыңыз. Теріге жұмсақ тазартуды қолданыңыз. Күзде жеңіл және нәзік тазартуды қолдану керек. Агрессиялық гельдерді жұмсақ әрі кремді тазартушы құралдарға ауыстырыңыз. Теріңіз құрғақ болса, майлы негізде жасалған құралдарды пайдаланыңыз. Егер теріңіз майлы болса, сульфатсыз көбік немесе гель қолдануға болады. Жеңіл кремдерді қоректендіргіш кремдерге ауыстырыңыз.
Күзде теріні температура өзгерісінен және желден қорғау үшін мамандар арнайы қоректендіргіш және ылғалдандырғыш кремдер қолдануды ұсынады. Бет терісі түсі мен жағдайын қоректендіргіш маскалардың көмегімен жақсартыңыз. Күзде температура өзгерісінің себебінен бет терісі сусызданады және сезімтал бола түседі. Сондықтан аптасына бір-екі рет бетке маска жасаған жөн.
Дереккөз: massaget.kz