Лаванда эфир майын қалай қолданамыз?

Oinet.kz 17-04-2019 1103

image_l (18).jpg

Лаванда – хош иісті өсімдік. Ол тұрмыстық және өндірістік облыстарда қолданылады. Сонымен қатар, ежелден бері лаванданы дәстүрлі емес медицинада балгерлік құрал ретінде пайдаланып келеді. Қазіргі кезде лаванданың эфир майын ароматерапияға жақсы қолданады.   Лаванда эфир майын оның Lavandula officinalis деп аталатын түрінен бумен тазарту әдісімен алады. Бұл өсімдіктің барлық бөліктерінің құрамында эфир майы бар, бірақ көп мөлшері гүлшоғырға жиналады. Лаванда эфир майы – жеңіл, түссіз сұйықтық, оның негізгі бөлігі L-линалоола спиртінің және бірнеше қышқылдың (сірке, капрон, валерьян, май) күрделі эфирлері болып табылады. Лаванда майын емдік қасиетте қолдану Ежелден бері лаванда гүлін және тұнбасын жүрек-қан тамырлар, неврологиялық және қабынба ауруларды емдеуге қолданған. 

Ароматерапевттер лаванда эфир майын ішуді ұсынбайды, себебі ол таза күйінде асқазанның шырышты қабығын тітіркендіруі мүмкін. Лаванда эфир майы емдік қасиетте кеңінен қолданылады: - Жалпы босаңсуға, күйзелісті түсіруге және тыныш ұйықтауға бөлмеде аромашамды қолдану жеткілікті; - 5-7 тамшы лаванда эфир майы қосылған жылы компрестер ауыруды басады; - Несеп-тас ауруы, пиелонефрит (бүйрек қабынуы), невралгия (жүйке ауруы) және басқа да ішкі қабыну процестеріне лаванда эфир майынан ванна жасау арқылы емдейді; - Қарапайым ванна қабылдауға 5-7 лаванда эфир майын тамызу –жалпы тыныштандырушы әсер береді. Мысалы, бір нәрсені қатты уайымдағанда осындай ванна қабылдауға болады; - Кей тері ауруларына лаванда майымен немесе эфир майларының қоспасымен массаж жасау арқылы емдейді; - Бас ауруына, мұрын бітелуіне нүктелі аромамассаж жасауға болады. Кокос майының 20 пайдалы қасиеті Лаванда майын косметологияда қолдану Лаванданың косметикалық қасиетіне дезинфекциялаушы, қабынуға қарсы және құрғатушы әсерлері жатады. Лаванда эфир майын майлы және аралас теріге арналған косметика шығаруға жиі қолданады.

 Лаванда эфир майын теріге, шашқа, қолға және тырнаққа қолдану жолдары: - Лаванда негізінде жасалған құралдар безеу, себорея, дерматит және экзема секілді тері проблемаларына өте қажет; - Лаванда эфир майы қосылған құралдар әлсіз және зақымдалған шаштарға көмектеседі. Жалпы эфир майлардың өздерін қолданбаған жөн. Оларды негізгі құралмен араластыра пайдалану керек. Мысалы, шашқа жағатын бальзамға немесе сусабынға бірнеше тамшы эфир майын тамызу арқылы шаш жуу керек; Жұмыртқадан жасалатын шаш маскалары - Қолға арналған кремге бірнеше тамшы лаванда эфир майын тамызу арқылы қолдағы ұсақ жырықтарды, зақымдарды кетіруге болады; - Тырнаққа кейде 1 тамшы лаванда эфир майын жағып тұру оның саулығын сақтауға көмегін тигізеді; Лаванда майын жүктілерге, аллергиясы бар және қысымы төмен адамдарға қолдануға болмайды.
Дереккөз: massaget.kz

Медиа данышпан Франка Соццанидің жеке заттары бәссаудаға қойылады
Кірпікті қалай өсіруге болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу