Әтірді қалай таңдау керек?

Oinet.kz 12-04-2019 1345

image_l (5).jpg

Әтір туралы сөз қозғағанда көз алдымызға бірден Франция келеді. Алайда әтір ежелгі Мысыр елінде пайда болған. Одан соң ежелгі Месопотамия, ежелгі Рим, ежелгі Парсыда шығарылды. Әтірге хош иісті заттар мен спирт қосылады. Алдымен алуан түрлі гүлдерді әртүрлі жолдармен өңдеп, эфир майларын алады. Осы эфир майларын (300-ден астам табиғи және синтетикалық заттарды) 96%-дық таза спиртпен араластырады, одан соң бояғыш заттарды қосады. Оның исінің ұзақ сақталуының сыры осыда. Нағыз әтірді таңдай білу үлкен өнер. 

Әтірді дұрыс таңдау үшін:

1. Құтысына назар аударыңыз. Құты сапалы, ауыр шөлмектен жасалуы керек. Құтының сыртына оралған қаптаманы сипап көріңіз, ол жұқа болуы тиіс. 

2. Бүріккіші болмайды. Иіссу мен парфюмериялық суда ғана бүріккіш болады. Ал әтір қымбат эфир майынан жасалатындықтан, онда бүріккіш болмайды.

 3. Тек франциялық әтірді сатып алғыңыз келсе, құты сыртындағы мәтіндерге назар аударыңыз. Франциялық әтірлердің сыртында Made in France деген жазу болады. Мына нәрсені де білген жөн. Француздар әтір сөзін parfum деп жазады. Біз көбіне құтысында parfumе деп қате жазылған жалған әтірлерді кездестіріп жатамыз.  

4. Штрих код. Франциялық өнімді алғыңыз келсе, штрих-кодына назар салыңыз. Бұл елдің штрих-коды 3 санынан басталады. 

5. Иісінің ұзақ сақталуы. Сапалы әтірдің құрамында эфир майы болатындықтан, иісі 

6 сағаттан артық сақталады. Әтірдің сақталу мерзімі 2-3 жыл. Күн көзі түспейтін жерде қақпағын толық жауып ұстағаныңыз жөн. Әтірді мөлшерден тыс көп жағу айналадағы адамдарға ұнамауы мүмкін. Соны естен шығармаңыз.
Дереккөз: massaget.kz

Адамдар неге ұрсысады?
Ұйықтар алдында айтылатын ертегінің пайдасы бар ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу