Күйеуінің соққысынан зардап шеккен әйел құқығы

Oinet.kz 07-03-2019 908

570-1476211356-06dc73f3bb.jpg

 Үйленгелі бері күйеуім ұрады. Ішіп келсе болғаны, бетім көгеріп, ернім жыртылып жүреді. Төркінімде мені күтіп тұрған ешкім жоқ. Анам қайтыс болып кеткен. Мен кімнен көмек сұрай аламын?

Айман, 27 жаста

Алматы қаласы

Ғалым Кеңесбай, заңгер: Қандай жағдай болмасын, адамды соққыға жығуға жол берілмеуі тиіс. Ал әйел адамға мүлдем қол көтеруге болмайды. Бұндай әрекеттер үшін кінәлі тұлға соққы салдарының ауырлығына қарай (жәбірленушінің дене жарақаттарына байланысты) қылмыстық жазаға тартылады. Дене жарақаттарының ауырлығы жеңіл, орташа және ауыр деп үш санатқа бөлінеді. Күйеуіңіз тағы да соққыға жыққан жағдайда, 102 нөмірі бойынша кезекші бөлімшеге немесе тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша Ішкі істер басқармасына арыз жаза аласыз. Ол жерде арнайы сот-медициналық сараптама  тағайындалып, кінәлі тұлғаға қатысты міндетті түрде процессуалдық шешім қабылданады.

Дереккөз : anabol.kz

Шұбаттың дәрілік, шипалық қасиеттері
Сұрағыңыз болса...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу