Шұбаттың дәрілік, шипалық қасиеттері

Oinet.kz 06-03-2019 982

0_1548133887.4485.jpg

Шұбат қазақ халқының дәстүрлі сусындарының бірі. Сонымен қатар бұл сусынның дәрулік, шипалық қасиеті де бар. Осынау әрі сусын, әрі дәрудің химиялың құрамы, емдік қасиеті қандай екені жайлы биология ғылымдарының кандидаты, доцент К.И.Дүйсембаев былай дейді: түйе сүтінің және одан дайындалатын өнімдердің қоректік, диеталық және емдік қасиеттері Орта Азия мен Қазақстан халқына ежелден белгілі. Әйтседе оны тағы бір қайталаудың артықтығы жоқ.

Дәрігерлердің байқауына қарағанда үнемі шұбат ішетін, яғни түйе ұстайтын кісілер туберкулезбен аз ауырады екен.

Шұбаттың емдік қасиеті құрамындағы сүт қантына, сүт қышқылына, алкогольге, көмір қышқыл газына, белоктарға, тұздарға, витаминдерге және антибиотиктік заттарға байланысты. Тамақтың құрамындағы белоктардың әдетте асқазан-ішек жолында тамақ қорытылған кезде ғана ыдырайтындығы белгілі. Ал шұбат құрамындағы белоктардың едәуір бөлігі организмге ыдыраған күйінде түседі. Шұбаттың жеңіл қорытылатындығы да сондықтан. Бұл сусынның асқазан жолының бездерінен мықтап сөл шығаратын қасиеті бар екендігі анықталды. Ол сондай-ақ қарын сөлінің қорытқыш қасиетін күшейтіп, ішектің моторлық қызметін жақсартады. Төбет ашып, қарындағы ауруды басады. Ішектегі тамақтың жақсы қорытылуына көмектеседі.

Шұбатпен емдеудің артықшылығы неде? Ол қанның құрамдас бөліктеріне және қанның түзілуіне қолайлы әсер етеді. Қанның қызыл және қаң түйіршіктері артады. Бауырдағы алмасу процестері қалпына келеді. Оның нерв жүйесіне ықпалы сүт қышқылының және көмір қышқыл газының әсеріне байланысты.

Шұбат ішкеннен кейін кісі аздап қызады. Содан соң ол жағдай басылады да, аздан соң адамды ұйқы басады. Бірақ ол ұйқыдан сергек тұрады.

Шұбат дені сау адамдар асқазанының секрециялық көрсеткіштерін, сондай-ақ науқас адамдардың да осындай көрсеткіштерін бастапқыға қарағанда арттыратындығы белгілі болды.

Бұл сусынды бір рет ішкенде науқас кісілердің қарын сөлінің қышқылдығы қандай болғандығына қарамастан олардың асқазанының эвакуаторлық қызметі шапшаңдаған болса - баяулайды, ал баяулаған болса шапшаңдайды. Мұндай науқастар тамақ ішуге 5 минут қалғанда 200 миллиметрден, тамақтан кейін 10 минуттан соң 300 миллилитрден күніне үш рет шұбат ішу керек.

Қарын сөлінің қышқылдығы қалыпты болса ондай адамдарға тамақ ішуге 5 немесе 3 минут, ал тамақтан соң 30 минут өткенде өлгіндей мөлшерде шұбат беріледі. Егер қарын сөлінің қышқылдығы жоғары болса, тамақ ішуге 1 сағат қалғанда немесе тамаң ішкеннен кейін 30 минут өткен соң жоғарыдағыдай мөлшерде қымыз ішуге тиіс.

Науқастар күніне барлығы 1,5-2 литр шұбат ішеді.

Шұбат созылмалы гастрит ауруына шалдыққан кісілердің осы науқастан айығуына жақсы әсер етеді. Қарын сөлінің қышқылдығы төмен кісілер де 15-20 күн шұбат ішкеннен кейін құлан-таза айығады.

Шұбат созылмалы колитке шалдыққан кісілерге де бірден-бір шипа. Осы аурулардың бәрін шұбатпен аурухана жағдайында да, амбулаториялық жағдайда да емдеуге болады.

Өкпе туберкулезіне шалдыққан кісілерге бактерияға қарсы препараттар мен шұбатты қосып бергенде туберкулезбен улану белгілері кетеді. Дене қызуы да қалпына келеді. Функционалды бұзылу реттеледі. Қандағы патологиялық өзгерістер жойылып, науқас салмақ қоса бастайды. Өкпенің ыдыраған тұсы жабылады.

Өкпе туберкулезін шұбатпен емдеумен айналысқан А.А.Ахунд бүкіл емдеушілердің 85,2 процентіне бұл шипалы сусынның қолайлы әсер еткенін айта келіп, шұбатпен өкпе туберкулезінің барлық формасын, әсіресе белогы, витаминдері жетіспейтін жағдайда, қаны азайып, жүдегенде емдеуді ұсынады.

Бұл шипалы сусынмен емдеу ерекшелігінің бірі науқастарды дәрі мен емдегенде пайда болатын кейбір құбылыстар 2,5 есе азаяды. Авитаминоз сипатындағы құбылыстар жиілігінің бұзылуы да 4 есе азаяды.

Мұның бәрі шұбаттың емдік қасиеттері ғана. Шұбатты түрлі аурулардың алдын-алу үшін де қолдануға болады. Үнемі шұбат ішетін кісі әлгіндегідей ауруларға шалдыға қоймайды. Оны ішкен бала организмі қалыпты өседі. Жасы келген кісілердің денсаулығы мықты болып, ұзақ жасайды. Өйткені шұбаттың кейбір маңызды компоненттері, мәселен: белок, май, тағы басқа қоректік заттар сүттен ашытылатын басқа өнімдерге қарағанда мол болады.

Шұбатты тек науқас кісілерге ем үшін ғана бермей, көпшіліктің де ішуіне толық мүмкіндік бар. Өйткені оны ашыту процесі оңай, өзіндік құны арзан.

Дереккөз: uniface.kz

Балаға ат қою - ата-ана үшін жауапты іс
Күйеуінің соққысынан зардап шеккен әйел құқығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу