Қазақстанға түбегейлі саяси өзгерістер керек пе?

Oinet.kz 09-01-2020 986

photo_289600.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде жариялаған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында елдегі түбегейлі сасяи өзгерістерге қатысты ойын білдірді:  

- Қазір Қазақстанда саяси жаңғыру үдерісі жүріп жатыр. Елбасының қолдауымен билікке басшылардың жаңа буыны келе бастады. Соған қарамастан, елімізде түбегейлі саяси өзгеріс керек деген ойлар да жиі айтылып жатады. Бірақ бұл мәселе бойынша ұлттық мәмілеге келудің, мемлекет мүмкіндіктерін шынайы бағалаудың және жүктелген міндетке жауапкершілікпен қараудың маңызы зор. Өзгеріс деп байбалам салатындар еліміздің болашағын байыптамайды, жай ғана популистік идеяларға табан тірейді,-деп жазған президент.

- Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз. Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді,деп түйіндеген мақаласын президент.

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазына» сыйақы беріледі
Шымкентте шенеуніктердің алаяқтық жасауы үдеп барады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу