«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазына» сыйақы беріледі

Oinet.kz 07-01-2020 1028


 20181009161241.jpg

Осыдан бір жылдай уақыт бұрын ұсынылған «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» марапатын беру, осыған лайықтыларды іріктеу шаралары ашық түрде жүргізіледі. Бұл туралы Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымымен кездесуінде Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.

-Осындай құрметті атақтар берілгенде ашықтықты қамтамасыз ету керек. Бұл шараларда барлық кафедралар мен деканаттар қамтылса деген тілек бар. Яғни лайықты адамды өзіміз арамыздан сайласақ дұрыс болар еді, - деді университет ұстаздары.

-Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» және «Жыл ұстазы» деген түрлі марапаттауларды берген кезде барлық шаралар ашық болуы керек. Қазіргі кезде Білім және ғылым министрлігі арнайы ереже дайындап жатыр. Осы орайда сіздің ұсынысыңызды ескеру керектігін айтамыз, - деді депутат.

ҚазАқпараттың жазуынша, «Педагог мәртебесі туралы» Заңға сәйкес халықаралық конкурсттар мен жарыстардың жеңімпаздарын, түрлі олимпиадалар мен спорттық жарыстардың лауреаттарын даярлаған педагогтерге 3 лауазымдық жалақыға дейін біржолғы сыйақы төленеді. «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік марапат тағайындалады және иегерлеріне 1000 АЕК мөлшерінде біржолғы сыйақы беріледі.



 


Адалдықтың абызы - Әбдуәлі Жақсыбаев
Қазақстанға түбегейлі саяси өзгерістер керек пе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу