Балалардағы бронхитті қалай емдейміз?

Oinet.kz 05-03-2019 1161

908-1476221458-438f7921b8.jpg

Балалардағы бронхиттің себептері

Балалардағы бронхит: балалардың тыныс алу жүйесі айтарлықтай күшті емес, сондықтан кез-келген жоғары тыныс алу жолдарының инфекциясы балалардың бронхтарының (бронхит) қабынуына себеп болуы мүмкін. Әсіресе отбасыңызда біреу темекі шегетін болса мұқият болыңыз. Ауа арқылы таралған темекі түтіні балада бронхиттің пайда болуына ықпал етеді.

Балалардағы бронхиттің белгілері

Егер, балада суықтаудың белгілері пайда болып, сонымен қатар қатты жөтел мазаласа, дәрігерлер ол балаға бронхит деген диагноз қояды. Ауырудың басында, әдетте жөтел құрғақ болады. Біраз уақыттан кейін, ол жұмсақ бола бастайды. Ал, белгілері ысқырықты дем арқылы жүретін болса, бұл обструктивті бронхит болып табылады.

Балалардағы бронхитті емдеу

Үнемі қайталанатын бронхит баланың болашақта демікпемен ауыруы мүмкін. Сондықтан, қандай да бір жөтел басталған жағдайда, оны тез арада емдеп және толығымен өткенге дейін емді тоқтатпаған маңызды болып табылады.

Бала бронхит болған жағдайда ең бірінші істеу керек нәрсе – бронхспазмды алып тастау. Бұл үшін дәрігер спазмолитикалық немесе ісінуді басатын дәрі жазып береді. Бәлкім, ол аяқтарын бұлаулап немесе бұлшықеттеріне қыша қоюға кеңес береді.

Арнайы массаж бронхтарды тазалауға көмектеселді. Ылғалды жөтел кезінде коспресс көмектеседі.

Дереккөз: anabol.kz

Аяқ терісінің қабыршықтануын қалай кетіреді?
Босанғаннан кейін іштен қалай арылуға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу